"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

“Мектепте көшбасшылық, қоғамдастық жұмыстарын ұйымдастыру”

21.02.2017

    Ақпанның 17-сі күні №3 Талапкер орта мектебінің директоры Абеева С.Х. ұйымдастырылуымен, жаңа педагогикалық технологиялар элементтерін тиімді пайдалану жолдарын үйрету және озат тәжірибелі мамандардың

озық іс-тәжірибесін кеңінен насихаттау, оқушылардың білім сапасы мен  пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін “Мектепте көшбасшылық, қоғамдастық жұмыстарын ұйымдастыру” тақырыбында кең ауқымды республикалық практикалық семинар жоғары деңгейде өткізілді.  Семинардың басты мақсаты –  оқыту мен оқудағы

инновациялық үдерістердің енгізілуіне қолдау көрсету, қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігін қамтамасыз ету; мұғалімдердің  теориялық және тәжірибелік кәсіби құзыреттілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуге және олардың

оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіруге ықпал ететін коучинг және тәлімгерлік үдерістерін іске асыру; Кәсіби қоғамдастықтың білім және инновациялар алмасу үдерісінде маңыздылығын айқындайтын мұғалімдер ынтымақтастық ортасын құру; оқушылардың құзыреттіліктерін және функционалдық сауаттылығын дамыту болды.

         

Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту мәселесінің теориясы мен практикасы  қазіргі білімнің дамуының мақсат-міндеттерінің талаптарына сәйкес болуы шарт. Сондықтан мұғалімдердің шығармашылық биігіне көтерілуіне,

кәсіби деңгейін дамытуға, біліктіліктерін арттыруға, оқыту технологияларын қолданып сабақтар әзірлеуге, еңбектерінің жандануына  мектеп директоры  С.Х. Абеева ыждаһаттылығымен  оларға әрдайым  жағдай туғызады. Республикалық семинардың іс-шара жоспарын дайындап жүргізу жалпы білім беру ұйымдары көшбасшылық

біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курсты тәмамдаған директордың ғылыми - оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С.Шантасовқа жүктелген болатын. Ол мектепте теориялық-аналитикалық, сипаттаушылық-әдістемелік түйінінің үйлесімді болуы үшін мұғалімдермен педагогикалық шеберлік кластарын өткізуді дәстүрге айналдырған. Осының айғағы – осы жоғары деңгейде өткізілген республикалық семинар. “Біріксек – бастама, жұмылсақ–үрдіс, еңбек етсек – бұл нәтиже” деген қағидаман мектеп директоры С.Х.Абеева мен директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі

орынбасарлары –А.С.Шантасов, Г.С.Ахитова, Г.А.Хамзина, А.Б.Асанова, А.Қ.Реметова технологияның тоқтаусыз терең танымын жүйелеп ортақ көзқараспен шешім қабылдап тың идеяларды  әр оқу жылы барысында үнемі жүзеге асырады.

        Бұл семинарға Назарбаев Зияткерлік мектебінің тренері Фарида Үмитжановна Жунусова, Целиноград ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі –Байболатова Майра Қауашевна, әдіскер - Мусина Айнұр Далабаевна және республика көлемінен мектеп басшылары қатысты.

   Семинардың барысын таратып айтсақ, ағылшын тілі пәнінен А.Б.Керимбаева “ Дәрігерде ” тақырыбында, орыс тілі пәнінен Г. А. Манабаева  ” Виды сложных предложениий“  тақырыбында, орыс әдебиетінен Г.Қ.Иманбалина  “Песня о Соколе”  тақырыбында,  бастауыш сынып мұғалімі Г. Жакенова «Таза бұлақ» тақырыбында, өзін – өзі тану пәні мұғалімі А.Т. Сейткаримова «Адалдық пен әділдік» тақырыбында ашық сабақтар және сыныптан тыс тәрбие сағаты «Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс» тақырыбында 11 сынып жетекшісі Л.Қ.Сейдахметова көрсетті. Р.С.Магзумованың басқаруымен “Дарынды балалар” ғылыми галереясы ұйымдастырылып, оқушылар тарапынан жобалар таныстырылды. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер коучинг сессиялар, өз шеберліктерін көрсетті. С.Т.Құлмағамбетова «Педагогикалық мәдениет» тақырыбында, С.Калиева мен Б.Сейдахметова “Оқыту барысында диалогті қолдану” тақырыбында коучинг, ал директордың орынбасары- А.С.Шантасов пен ағылшын тілі

мұғалімі Г.С.Сейльбекова —  “Орта білім берудегі басқару және көшбасшылық” тақырыбында коучинг өткізді. Сондай-ақ, тренерлік курсты тәтәмдаған қазақ тілі мұғалімдері А.Жұмабай және А.А.Кайкенова «Бағалау

үдерісінің мақсаты. Оқыту үшін бағалаудың мәні» тақырыбы аясында мектептегі рефлексия жұмыстарын нақтылап тәжірибелерімен бөлісті. Семинар барысында зерттеу жүргізу мен практикалық жұмыстың ұштасуы күтілетін нәтижемен  сипатталды. 

       “Мектепте көшбасшылық, қоғамдастық жұмыстарын ұйымдастыру” тақырыбында ауқымды іс-шараны қорытындылай келе, Целиноград ауданының әдістемелік білім беру бөлімінің кабинет меңгерушісі Байболатова Майра Қауашевна мен тренер – Жунусова Фарида Үмитжановна курста білім деңгейін көтерген ұстаздардың субъектілігін

арттырып, шығармашылығының дамуына тиімді әсер ететін  оқыту формаларының  семинар барысында мұғалімдер шеберлікпен жүзеге асырғанын  баяндады. Мұғалімдік мамандықтың мәртебелі екенін тұжырымдап, оның құндылықтарын түсінуді әрбір жан көңілдеріне ұялатып  мәселенің көкейтестілігін, талдаудың шырқау шегін,  шығармашылық шеберліктерін шеберханада көрсеткен мұғалімдер өз істерінің тоқтаусыз жандана беретінін  нақтылады. Семинарға қатысушы қонақтар тарапынан елеулі еңбектерін көрсеткен  №3 Талапкер орта мектеп әкімшілігі мен бай тәжірибелерімен бөліскен кәсіби педагогикалық шығармашылықтарын көрсете білген мектеп ұжымына ыстық ықылас пен ризашылықтарын білдірді.

 

Просмотров: 846


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст