"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

2016-2017 оқу жылының мектепішілік тәртіп ережесі.

23.02.2017

2016-2017 оқу жылының

мектепішілік  тәртіп ережесі

    Талапкер ауылы №3 орта мектебінің ұжымын  мектептің  ішкі ережесін сақтау  жөнінде тәртіп ережесімен  бойынша мектептің кәсіподақ төрайымы Кульмаганбетова С.Т мен оқу ісінің меңгерушісі Ахитова Г.С. сөз алып,  2016-2017 оқу жылына арналған мектептің ішкі тәртібімен таныстырып өтті. Барлық ұжым мүшелері келісіп, бір ауыздан аталған

ережемен танысып бір ауыздан қолдады. Педагогикалық кеңесте мектептің  ішкі ережесін сақтау  жөнінде тәртіп  ережесінің  мақсаты мен міндеттері аталып өтті. Олар:

-         Оқушының даму және психологиялық денсаулығын сақтай отырып, мектепте дұрыс жұмыс тәртібін құру;

-         Мектептегі бірін –бірі сыйлау тәртібін қолдау;

-         Қазіргі қоғамда және жеке жауапкершілікке тәрбиелеуде оқушыға көмек көрсету;

-         Жеке тұлға құқықтарын сыйлауға, сонымен бірге қоғамдағы жеке міндеттерін түсіне білуге тәрбиелеу;

-         Жалпы адамгершілік құндылығының  негізінде мәдени тәртіпке және қатынастың дамуына тәрбиелеу.

Ұжыммен аталған мақсат пен міндеттерге байланысты  ереженің бөлімдері талқыланып, түсіндіріліп өтті. Ержеде келесі бөлімдер қамтылды:  кезекші мұғалім жауаптылығы, педагогтар мен қызметкерлердің жұмыс уақыты және оның қолданылуы, оқушылардың жалпы тәртібі, мектепке келу мен оқушының сыртқы келбеті, оқушының мектепте болу уақыты мен қайтуы, оқушылардың сабақты себепсіз босатуы, оқушылардың тәртібіне қойылатын жалпы талап, оқушылардың оқу құжаттары, оқушылардың сабақ барысындағы тәртібі, сабақ алдында, үзілісте және сабақ соңындағы оқушы тәртібі, ата-аналардың құқықтары мен міндеттері айтылды.

Просмотров: 655


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст