"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Медициналық академиясынан келген шетелдік студенттер.

11.03.2017

         Мектебімізде 01.03нен   07.03 дейін  өткізілген ағылшын тілі пәнінің апталығында көптеген ашық сабақтар мен

сыныптан тыс оқиғаларға толы болды.  Әр пән мұғалімдері мен оқушылар белсене қатысты. Сонымен қатар Астана

қаласының  Медициналық академиясының Индиядан келіп оқитын бірінші курс  студенттерімен кездесу өтті. Бұл кездесудің мақсаты оқушылармен ағылшын тілінде тәжірибе алмасу, оқушылардың сөйлеу қабілеттерін дамыту, екі елдің салт-дәстур өмір сүру салтымен танысу болды. Кездесу арнайы түрде төмендегі жоспарлар бойынша өтті:

•                   Мектеп басшысымен кездесу

•                   Мектепке экскурция

•                   8-11 сыныптар оқушыларымен кездесіп пікір алмасу

•                   4сынып оқушыларымен ұйымдастырылған «Tradition of Kаzakhstan» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өз деңгейінде өтті.

Оқушылар кездесу барысында өз ойларымен бөлісіп Индия туралы, олардың Қазақстан елін таңдаудағы мақсаттары, осы елдің салт дәстүрімен таныспа сол жайында және де басқа сұрақтар қойды.  Келген қонақтар кітапхана, музей, киіз үйімізге кіріп таңқаларлықпен тамашалап өз таңданыстарымен әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар кішкентай бүлдіршіндер сабақта өте белсенді болып әр оқушы өз өнерлерін ортаға салып естелік ретінде  суретке түсті.

 

 

Просмотров: 600


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст