"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

08.04.2017

  Мұражай –тарих айнасы

      Сонау баяғы заманнан-ақ адамдар өткенді еске түсіретін, өздеріне аса қымбат заттарды жинап,сақтай бастаған.Ондай заттар немесе коллекциялар-қару-жарақтар, кітаптар мен небір әсемдік бұйымдары, жиhаздары жинақталған. Жай қарапайым жұрт ондай қазынаны ауыз-екі әңгімеден естіп, білмесе оны ешқашан көре алмаған, Ал, қазір біздің елімізде мыңнан аса мемлекеттік мұражай жұмыс істейді. Онда жарты

миллионға жуық картина, мүсін, түрлі қолжазбалар, әрқилы заттар жинақталған.

        Мұражайдың негізгі жұмысы –тарих арқылы тарихи-мәденни ескерткіштерді, тарихи оқиғаларды насихаттау, сол арқылы жас ұрпақты рухани- адамгершілік және патриоттық рухта тәрбиелеу, жастарды мұражай мәдениетіне тарту, тарихын сүю,еліне деген мақтаныш пен Отаншылдық сезімін ояту, тарихи кезеңдермен таныстыру, материалдық –рухани құндылықтармен  таныстыру деген сөз. Осы мақсатты негізге ала отырып, біз қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінде оқушыларымызды Астана қаласындағы С.Сейфуллин мұражайына апардық. Мұражайда оқушыларды әр бөлмедегі құндылықтармен таныстырды тарихы жайында мағлұмат берді. Оқушылар өз көздерімен , өз құлақтарымен естіген жәдігерлерден көп әсер алып қайтты.

 

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Кұлмағанбетова С.Т

Просмотров: 1745


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст