Театр- өмір бейнесі
Театр- халықты эстетикалық адамгершілік пен ізгілікке тәрбилеудің аса маңызды құралы.Оның өзгеше бір қасиетті, яғни әрекетке құрылған табиғаты сахналық ойын-сауықтың мазмұн-желісі мен идеялық-эстетика негізін құрайтын драма арқылы ашылады.Театр әдеби шығарманы сахналық әрекетпен, өзіне тән бейнелі театрлық бояу-өрнекпен жаңа күйге түсіреді де драмадағы мінез кейіпкерді, олардың өзара қарым-қатынастарынан, қақтығыстарынан туатын талас-тартыс пен іс-әрекеттеріне жан бітіріп, тірілтіп жібереді.Осыған орай көрермендер де театр сахнасында өтіп жатқан оқиға әрекет пен оған қатысушы-қаhармандардың ой- арманына, шат күлкісі мен сезім діріліне, күйінішіне, немқұрайлы емес, қайта бар ынта-зейінімен, ынтызыр көңілімен қарайды. Театрдағы басты тұлға ,пьесадағы берілген жағдайға байланысты әрекет етіп,сахналық қаhарманның мінезін жасайтын –актер. Ол сахнада пьеса материалын өзінің болмыс шындық туралы ой-түсінігімен, өмірде актердің бойынан орындаушылық өнерге қоса ойшыл суреткерлік қасиет те айқын көрінеді. Бұған дәлел қазақ тілі мен әдебиетіон күндігіндігіндегі жоспар бойынша оқушылырымыздың Астана қаласындағы Қ.Қуанышбаев атындағы театрдағы «Әміре » қойылымының куәсі болғандығы. Оқушылар Әміренің өзін көргендей әсерде болды. Актердің орындаушылық шебері оқушылардың жүрегіне жол тапты. Қойылымнан алған әсерлерін тілек кітапшасына қалдырп, сұхбаттарын берді. Олар өнердің өзге түрлеріндей театр да өмір шындығын көркем образдар жүйесі арқылы бейнеленетіне көз жеткізді.