№3 Талапкер орта мектебінің мұражай тақырыбы: Туған өлке шежіресі.
Бағыты: Өлкетану
Мақсаты:
- Туған елдің, өлкенің тарихын зерттеп, тұрмыс- тіршілігімен танысу;
- Жалпы қазақ халқы жүріп өткен тарихи кезеңдердегі Талапкер ауылының өзіндік дамуы, қосқан үлесін зерттеу;
- Талапкер аулының тарихи даму кезеңдерін зерттеу арқылы , Қазақстанның әр бұрышындағы ауылдардың хал- жағдайымен салыстыру;
Ашылуы: 2013 жылдың 14 желтоқсаны
Мұражай 2 бөлімнен тұрады:
1. Өлкетану
2. Этнографиялық бөлім
Өлкетану бөлімі 4 бөлікке бөлінеді:
1. Колхоздастыру кезіндегі Талапкер
2. Ұлы Отан соғысы жылдарында
3. Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл жайы
4. Мектеп тарихы. «Ауылдан түлеп ұшқан тұлғалар»
Этнографиялық бөлім 2 бөлікке бөлінеді:
1. Киіз үй құрылысы
2. Жабдықтары
Өлкетану
1. Колхоздастыру кезіндегі Талапкер
Ақмола қаласынан 12 шақырым жерде Есіл өзеңі жағасында 1928 жылы Қарағанды облысы, Ақмола ауданы, Тегісшіл ауылы құрылды. Алғашқы колхоз басқармалары Тезекбаев Малгаздар, Байсанов Көпжасар, Саманбетов Қайырбек, Алғазин Қанапия болды. Бұл кісілер колхозды ұйымдастыруда көп еңбек сіңірді. Халыққа сауатты түрде ел жаңалықтарын түсіндіріп, мектепке тартты, колхозға мүше сайлады.Ауылда әртүрлі фермалар ашылып, ауыл жағдайы жақсарды. Жұмыс орындары көбейіп ,сауыншы, егіншілер көбейді. Көптеген Талапкерлік қыз-жігіттер тракторшы, комбайншы, автокөлік жүргізушісі мамандықтарын алды. Сол уақытта ауылымыздағы ең ұздік сауыншылардың бірі – Жәміш апа еді, ал үздік механизатор – Қойшыбаев Мұхабетқали болды.
2. Ұлы Отан соғысы жылдарында
1941 жылы Ұлы Отан соғысына ауылымыздан 73 жігіт аттанды. Соғыс аяқталған соң, ауылдан аттанған 73 азаматтың 33-і елге оралмады. Ұлы Отан соғысында Сүкебаев Жақан писарь Болып қызмет атқарған. Ал Берлинге дейін барып, соғыста басынан аяғына дейін болғандар- Байымбетов Аманжол, Жақсыбаев Оразбай, Қанапия еді. Иманкин Төлеубай пулеметші болып, ерлікпен қаза тапты. 29 солдат елге аман-есен оралды, ал 11-і хабар- ошарсыз кетті. Талапкер ауылында ерлікпен қаза тапқан 33 солдатқа арналып ескерткіш орнатылып, ескерткіш жанына мәңгілік алау жағылды.
3. Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл жайы
Кеңес үкіметі кезінде Талапкер аулының жағдайы жақсара бастады. Ауылда 4 бригада жұмыс істеді. Олар бар жұмысты қол күшімен атқарды. Тек 1933 жылы Бозайғыр МТС-і ашылып, ауылға алғашқы трактор келді. 1939 жылы «Сталин туы», «Акмолинская правда» газеттері жарыққа шықты. Кеңес үкіметі кезіндегі барлық деректер Көкшетау қаласының мемлекеттік архивінен көшіріліп алынды.
4. Мектеп тарихы. «Ауылдан түлеп ұшқан тұлғалар».
Ауыл мектебінің іргетасы 1938 жылы Ақмола аудандық атқару комитетінің шешімімен қаланды. Мектеп 4 жылдық болып ашылды. Алғашқы
ұстаздардың бірі Саманбетов Елубай болды. Бұл жерде мектеп тарихынан алынған фотосуреттер, құжаттар, журналдар, ұстаздардың мадақтамалары сақталған. Бұл мектебіміздің үздік ұстазы – Семенбетов Назым. 1964 жылы мектеп 8 жылдық болып қайта құрылды. Ал 1990-91 жылдары орта мектеп болып өзгеді. 2011 жылы мектепте 552 оқушы болды. Ал 2013 жылдың 9 қаңтарында 900 орындыққа арналған жаңа ғимаратқа көшірілді. Қазіргі таңда 1300 оқушы білім нәрімен сусындауда. Бұл бұрыш мектебіміздің түлегі Жұбатқан Жанбота. Ол алтын белгі иегері.
Бұл ауылымыздың тумасы Молдахмет Досаев. 1922 жылы Талапкер ауылында туып, осы ауылда өскен. Көп жылдар мемлекеттік қызметтер
атқарған.