Кітапханада өткен әсерлі кездесу
Елбасының «Қазақстан-2050» бағдарламасында: « ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты сауатты да салауатты өмірге бағыттауымыз керек» деген сөздерді бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұр. Осыған орай еліміздегі бірден –бір руханият ордасы- кітапхананың алатын орны ерекше. Біздің мектебімізде де оқырмандар, яғни оқушылар кітап, мерзімді басылымдар және өнердің бірегей шығармаларымен танысуға мүмкіндік бар. Оқушыларымыз қызығушылық танытып, құмартып кітап қарайтын орны белгіленген және арнайы тақырыптар бойынша көз тартатындай терең мазмұнды ашық көлемді кітап көрмелері, стендтер ұйымдастырылған. Осы кітапханамызда көптеген іс-шаралар өтіп тұрады. Атап айтсақ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігінде жоспарланған «Мәңгілік ел- алаш мұраты » тақырыбында әдебиетші, профессор Серік Негимов ағамызбен және айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы мен кездесу өткіздік. Кездесуде әдебиетші ағамыз тақырыпқа байланысты көптеген мағлұматтарымен, ойларымен жас жеткіншектердің ой-өрісін кеңейтуге тың ақпараттармен сусындатты. Сондай-ақ ақын Серікзат Дүйсенғазы өз шығармашылығынан өлең –жырларын оқып, әнін де салып, оқушыларымызды тәнтті етті. Оқушымыз Жүсіпбек Мирас та қонақтарымызға арнап күйден шашу шашты. Бұл кездесу де балалардың жүрегіне жол таба білді.