Кітапханашы- парасатты мамандық
Елбасының «Қазақстан-2050» бағдарламасында: « ХХІ ғасырда білімсіз өмір сүру мүмкін емес, халықты сауатты да салауатты өмірге бағыттауымыз керек» деген сөздерді бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма іспетті. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұр. Осыған орай еліміздегі бірден –бір руханият ордасы- кітапхананың алатын орны ерекше. Біздің мектебімізде де оқырмандар, яғни оқушылар кітап, мерзімді басылымдар және өнердің бірегей шығармаларымен танысуға мүмкіндік бар. Оқушыларымыз қызығушылық танытып,құмартып кітап қарайтын орны белгіленген және арнайы тақырыптар бойынша көз тартатындай терең мазмұнды ашық көлемді кітап көрмелері, стендтер ұйымдастырылған. Осы кітапханамызда барлық іс-шаралар өтіп тұрады. Атап айтсақ кездесулер,семинарлар, тәрбие сағаттары, треннинг сабақтар, дөңгелек столдар,
дебаттар .Кітапханашы апайымыз-Аубакирова Алмагүл . Ол кісі мақтан тұтар мамандық иесі .Өмірдегі көптеген мамандықтың ішінде жан-жақтылықты, икемділікті, шеберлікті,мейірімділікті қажет ететін мамандық та- кітапханашы мамандығы. Менің түсінігімше кітапханашы- рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп,шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші.