17.04.2017 күні Даярлық «А» сыныбында «Байқоңыр-ғарыш айлағы» атты ашық сабақ өтті. Мақсаты балаларға ғарыш, ғарышкер туралы мағлұмат бере отырып, тапсырманы ұқыпты орындай білу дағдыларын одан әрі дамыту.
Балалар шаттық шеңберінде тұрып ұстаздармсен амандасты. Тақта алдында күні бұрын дайындалған ғарышқа байланысты көрме, слайд, суреттер тұрды. Мұғалім ғарыш туралы балалардан не білетіндері жайлы сұрақтар қойды.
Балалар сұрақтарға жауап берген соң бүгінгі сабақтың тақырыбын, қандай тапсырмалар орындайтындарын айтып өтті.
Бірінші тапсырмада сөзжұмбақты шешті. Осы арқылы сабақтың тақырыбын аша түсті. Слайдтан ғарыш туралы мағлұмат алды. Ғарыш, байқоңыр, зымыран сөздеріне дыбыстық талдау жасады.
Келесі тапсырма жапсыру болғандықтан, қауіпсіздік ережесін еске түсіре кетті. Алдарында берілген құралдар
бойынша зымыранды жапсырды. Зымыранды жапсырмас бұрын, сергіту сәтін орындап, сергіп алды. Зымырандары дайын болғаннан кейін, ғарыш, зымыранға байланысты жаттап келген тақпақтарын айтып берді.
Мұғалім балалардың сабаққа белсенді қатысқандарын мадақтап, сұрақ-жауап арқылы қорытындылады.