17.04.17ж . 2 «Г» сыныбы «Ыбырай ата» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушыларға Ыбырай атаның өмірбаянын,
шығармаларын таныстыру мақсатын алға қойды.
Сабақты бастамас бұрын топтарға бөлінді: АльФараби, Алтын адам, Абылай, Абай. Ең алдымен үй тапсырмасы тексерілді. Құрманғазы Сағырбайұлының өлеңін мәнерлеп айтып берді. Жаңа тақырыпты ашу негізінде слайд арқылы сөзжұмбақ шешті. Жаңа тақырып мақсаты, күтілетін нәтижесі айтыла кетті. Ыбырай ата туралы видеоролик көрсетілді. Ыбырай ата өлеңі аудиозапись арқылы тыңдалды да, оқушылар мәнерлеп оқып шықты.
Жұмыс критерийі бойынша бірінші тапсырмада Тұңғыш ғалым, тұңғыш ғарышкер, тұңғыш президент, тұңғыш мектеп бағыттары бойынша кесте толтырды. Кесте толтыру барысында планшет, ұялы телефон, энциклопедия қолдануға рұқсат берілді. Жұмысты балалар қызығушылықпен орындады. Әр жұмыс соңында бағалау парағы толтырылып отырды. Келесі тапсырмада «Болашақтың мектебі қандай болу керек?» деген тақырыпты постер арқылы қорғау тапсырылды. Яғни, сурет салу немесе жазу арқылы тақырыптарын қорғап шықты.
Жалпы жұмыс соңында ортақ баға шығарылды. Мұғалім сабақты қорытындылады.