"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Бастауыш сынып жетістіктері !

11.05.2017

Бастауыш сынып жетістіктері

      Бүгінгі ұрпақ - қазіргі заман ағымына, өмір талабына сай егеменді еліміздің болашағы, тірегі.  Қай елдің болмасын ерекшелігін, сол мемлекеттің ғылым-білімінің, мәдениетінің дамуы – халықтың өзгешілігін таныту үшін маңызды. Мектепте болашақ ұрпақ қандай білім алып, тәрбиеленсе, еліміздің болашағы сондай болмақ. Бұл тұрғыда мектептің негізгі міндеттері баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамассыз ету, оның қабілеттерін ашып дамыту,

оқуға деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыра отырып, шығармашылықтарын дамыту.

     Сәуір айында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен білімді оқушыларды ынталандыру, білім, білік дағдыларын анықтау барысында , бастауыш сынып оқушыларының арасында пәндік олимпиадасы өтті. Әр ауыл мектебінен жиналған оқушылар қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика, дүниетану пәндерінен сынаққа түсті.

   Соның ішінде Талапкер орта мектебінің оқушылары да жүлдемен оралды. Олар: 4б оқушылары  Еркінбек Сания   қазақ тілі, әдебиеттен, Кәкімова Кәмила  математика, әдебиеттік оқу І орын, жетекшісі А.Аубакирова;

4ә оқушылары  Арман Таңшолпан математика, Мұхамедғали Алина математика І орын, жетекшісі  Ф.Ақмурзина ;

4в оқушысы Амирхан Жасбұлан математика пәні ІІ орын, жетекшісі М.Әлиева;

4а оқушылары Бірлік Нұрай қазақ тілі, математика, дүниетану пәндері, Рамазан Аяулым қазақ тілі пәні ІІІ орындар, жетекшісі Ф.Егентаева;

4д оқушылары Ахит Шұғыла , Қызғариева Камила белсенділік танытқаны үшін, жетекшісі Ж. Джолдаспаева.

     Ауданда өткен «Зерде» ғылыми жобасына қатысып, облысқа жолдама алған оқушылар:

3а оқушысы Сұлтан Нұрбақыт «Ірімшіктің жасалу жолы мен пайдасы», жетекшісі Г.Жакенова;

4в оқушысы Амирхан Жасбұлан «Пластикалық қалдықтарды қажетімізге жаратамыз», жетекшісі  М.Әлиева

    Тәуелсіз мемлекетімізге терең білімді, ізденімпаз өз бетімен шешім қабылдай алатын, барлық іс - әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын жеке тұлға қажет.

                                                                

 Бастауыш сынып мұғалімі Егентаева Ф.А.

Просмотров: 822


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст