"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Толағай» жарысы!

15.09.2017

                                     «Толағай» жарысы

        Қыркүйек айында  «Отбасы-бақыт мекенім» атты   Талапкер орта мектебінде мектепішілік  шара өтті.  Осы тақырыппен 4 –сыныптар арасында «Әкем ,шешем және мен»  отбасылық жарысы ұйымдастырылды.    Жарысқа әр сыныптың жанұялары қатысты. Денешынықтыру пәнінің  мұғалімдері түрлі

ойындар ұйымдастырды.

  

Мақсатымыз:  салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты

өмір салтын ұстануға тәрбиелеу болды.

Спорттық жарыс  4 кезеңнен тұрды.

І .Таныстыру.

Әр отбасы топтары өздерін таныстырып өтті.

1. «Шымыр» тобы » Ескендировтардың    отбасы: «Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз»

2. «Бірлік» тобы Абдухаликовтар отбасы  «Бәріміз бірімізүшін, біріміз бәріміз үшін!»

3. «Ынтымақ» тобы  Махамбетжановтар  отбасы «Біз әрқашан мықты,

бәрін жеңіп шықты»

4. «Денсаулық» тобы  Ховдахановтар  отбасы: «Шынықсаң шымыр боласың,  Сауығып айдай толасың.Спортты серік ете біл,жақсы азамат боласың».

ІІ.Жарысты таңғы жаттығумен жалғастырды.

Спорттық жарыс  5 кезеңнен тұрды.

1. Қаппен жүгіру

2. Секіргішпен секіру

3. Кім жылдам?

4. Бір аяқпен секіру

5.Арқан тарту


      Жарыс өте қызықты және өз дәрежесіне жетті. Ата-аналар  белсенді қатысты. Қаппен секіруде «Денсаулық» тобы көзге түссе, арқан тартудан «Шымыр», ал секіргіштен секіруден жылдамдық көрсеткен «Ынтымақ» тобы болса, бір аяғын көтеріп жүгіруден «Бірлік» тобы өз қарсыластарынан оза  түсті. Жарысты қорыта келе, жеңімпаздар марапатталды.

І орын «Шымыр» тобы Ескендировтар отбасы;

ІІ орын «Ынтымақ» тобы  Махамбетжановтар  отбасы;

ІІІ орын «Денсаулық» тобы  Ховдахановтар  мен Абдухаликовтар отбасы болды.

    Сайысқа қатысқан ата-аналарға мектеп тарапынан алғыс білдірді.

Сонымен қатар бұл шарада жоспар бойынша сурет салып, сынып жетекшілер тәрбие сағатын өткізіп, тәтті жәрмеңке ұйымдастырылды. Барлық шараларға оқушылар жақсы ат салысты.  

                   

Просмотров: 1008


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст