"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Отбасы-бақыт мекені »

20.09.2017

  Мектебімізде өткен аптада «Отбасы-бақыт мекені » атты апталық өтілді.Осыған орай 10-11 сынып

оқушылары арасында «Оқушы, отбасы, қоғам » тақырыбында ата-аналармен  дөңгелек үстел өтілді.Мұндағы мақсат: Отбасы құндылықтарын дәіптеу; бала тәрбиесіндегі ата-ананың көзқарасын кеңейту; ұстаз-оқушы-ата—ана

зара қарым-қатынастарын жақсарту; отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерін нығайту.

Ата-ананың тілегі баласыныңNжақсы адам болуы,еңбек сүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары. Баланы баптап

бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

 Қадірден жұрдай қасқа боп,

                                       

Кешкенің өмір босқа тек-дегендей баланың ыстық суығына күймейтін,жақсылығына сүйснбейтін ата-ана жоқ шығар.Бүгінгі ұл ертеңгі әке,ол әкеге қарап өседі, бүгінгі қыз болашақ ана, ол анаға қарап өсіп бой түзейді.

Балаға ілім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса,оны жалғастырушы емеуші ата-ана.Осы мақсатта өткен дөңгелек үстел пікір алмасу,сұрақ-жауап,психологиялық жаттығулар арқылы өте тартымды өтті.Сонымен қатар «Отбасы күні», «Жанұяңа көңіл бөл», «Бала тәрбиесі», «Мен әкемді жақсы көремін» деген видеолар көрсетіліп, өз ойларын ортаға салды.Сабағымызды Отбасы-тәрбие бастауы презинтациясымен аяқтадық.

 

 

                                                10-сынып жетекшісі: Кульмаганбетова С.Т

Просмотров: 730


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст