"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Мен-өз елімнің патриотымын»

03.10.2017

6«В» сынып оқушыларымен  «Мен-өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша білім сабағы өткізілді. Сабақтың тұжырымдамалық идеясы қоғам мүддесінде  азаматтық, әлеуметтік әрекеттерге дайындықты қамтамасыз ететін өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудің қажеттілігі идеясы болып табылады.

Мақсаты – қоғамда өздерін көрсете  және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.

Кешенді міндеттері:

- оқушылардың жаңа білімді, ақпараттық ресурстарға сүйене отырып зияткерлік қажеттіліктерін меңгеруін қамтамасыз ету;

- оқушылардың зияткерлік және шығармашылық  дамыту;

- оқушылардың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру;

– Қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру.

Бірінші сабақтан бастап, ПАТРИОТ -  өз мемлекетінің  жерінде, елінде, тарихына ат салысатын адам екенін  атап өту маңызды. 

ПАТРИОТИЗМ ген арқылы  қаланбайды, бұл  - жеке тұлға, азамат, патриот ретінде өзін-өзі білдіру, мемлекет өміріне белсене қатысу арқылы барлық қоршаған ортамен қалыптасатын әлеуметтік сапа. Сабақ барысында оқушыларға жаңа әдіс-тәсілдер қолдана отырып, сабақты сапалы өткізу ұйымдастырлды. Оқушылар сабақ барысында өз ойларын ортаға салып, тарихқа шолу жасап, топпен жұмыс жасап, мақал-мәтел құрастырып, сурет салып шығармашылық жұмыстарын жандандыра түсті. Заман талабына сай білім алуға қызығушылықтары жоғары екендігін көрсетті. Бейнефильм сонау алғашқы адамдардың тұрыс-тіршілігінен басталып, қазіргі кездегі Қазақстанның дамуымен ұштасып жатқандығы терең ой салды. Оқушылар ел болашағына өз үлестерін қосу үшін, жан-жақты білім алу

керектігін айтып өтті. Сабақ өте тартымды, қызықты өтті.

Просмотров: 607


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст