"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы.

09.10.2017

№3 Талапкер  орта мектебінде  қазанның 6-сы күні «Қазақстандық патриотизм және  азаматтық  тәрбие, құқықтық тәрбие» бағыт бойынша  5 «Б» сыныбында тәрбие сағаты өтті.

Тақырыбы: «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы» 

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; жас ұрпақтың ой-өрісін кеңейту, имандылық, еңбексүйгіштік, жауапкершілік, адамгершілік асыл қасиеттерін бойына сіңіре отырып, үлгілі өнеге алуға баулу.

Тәрбие сағат барысында  оқушыларға ой ашу мақсатында сұрақтар қойылып, ұлттық ұғымы туралы түсінік берілді.

Оқушыларға тапсырмалар беріліп  шешіліп, сұрақ-жауап жүргізілді. Оқушылар қызу пікір таласқа түсіп, әр оқушы адалдық, еңбексүйгіш, адамгершілік,  мейірімділік мағыналарын ашып ортаға салды. Сұрақтар арқылы тәрбие сағаты қорытындыланды. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

Тәрбие сағатына оқушылар белсенді қатысты.

Сынып жетекшісі: Аубакирова А.С

Просмотров: 770


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст