"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

« Тілашар» ертеңгілігі

16.10.2017

« Тілашар» ертеңгілігі

     Талапкер орта мектебінің 1 «В»  сыныбында    « Тілашар» ертеңгілігі  өтті.  Кеше ғана білім баспалдағына алғаш қадам басқан, бүгінгі 1 –сынып оқушыларының мерекесіне мұғалімдер, ата-аналар жиналып тамашалады.

   Мақсаты: ұлттық дәстүр арқылы оқуға ынталарын арттыру, мектепке деген сүйіспеншілігін оята отырып, қоршаған дүниені танып білуге, сахна мәдениетіне тәрбиелеу болды.

  Ертеңгілікті ән ұранмен бастады. Жаттаған тақпақтарды Дилназ, Ақбота,Әмина, Бөгенбай , Зере тағы басқа да оқушылар нақышына келтіріп айтып берсе, «Оқушылар достары» ертегісін  Айқын, Бекарыс, Абылайхан, Ғалым сияқты оқушылар  берілген рөлдерді образға еніп ,  келтіріп ойнады. Ал,Молжігіт Кәусардың

орындауында  «Мектебім» және Бегалина Сезімнің «Туған жер» әндеріне жиналған қауым дән риза болды. Қыздардың мың бұралған «Түрік биі», «Стюардесса» билеріне қошемет көрсетіп отырды.

     Сонымен қатар  логикалық сұрақтарға жауап беріп, мақал –мәтелдер, жаңылтпаштарды жарыса айтып, жұмбақ шешті.

    Құттықтау сөзді бастауыш сыныптың оқу –ісі меңгерушісі Елешова  Сандуғаш Аяновна құттықтап балаларға үлкен табыс тілесе, ата-аналар атынан Қонысбай Дамеш апай құттықтап,  «Оқушы» деген атқа ие болып, ата-анаңды, ұстазыңды сыйлайтын әдепті, зерек оқушы болуларына тілектес екенін білдірді. Соңы «Аяулы ұстазым» әнімен тамамдады.

 

                                      Ақмурзина Ф.

                                    1 «В» сынып

Просмотров: 565


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст