"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Талапкер мектебіне де күз келді!

02.11.2017

                          

Талапкер мектебіне де күз келді!

                                               

Сары көйлек көйлегін желбіретіп,

                                                  

Жапырағын ағаштың селдіретіп.

                                                  

Тойға бөлеп елімді күзім келді.

                                                  

Нұр тамшысын аспаннан мөлдіретіп –деп ақындар жырлағандай, бастауыш сыныптарында күз мезгілінде болатын «Берекелі алтын күз» кеші  өтті. Кеш өте жоғары деңгейде болып, қызықтыbәрі есте қаларлықтай әсер қалдырды. Осы ертеңгілікпен мектеп директоры Абеева Сағынбала Хасеновна: «Берекелі әрі мерекелі күз айларында аталып өтетін «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті.  Күз мезгілінде сап-сары алтындай күйге енетін табиғат көркі, пісіп-жетілетін адам жанына берер жылуы мол. Барлық ұстаздар мен оқушыларды, балаларының өнерін

көруге келген ата-аналарды осы табысы мол, берекелі мерекемен құттықтаймын.  Оқушылардың әртүрлі іс-шараларға белсене қатысуы, біліммен қатар өнерді бірге алып жүруге  дағдыландыру , осындай кеш жыл бойына

жалғасын табады  – деп, тілегін білдірді. Кеш 4 бөлімнен тұрды. Іс- шараға арнайы үй тапсырмалары берілді:

1.Күз балына костюм дайындау;

2.Күзгі келбетке композиция дайындау;

3.Шығармашылық нөмір.

4.Өз сыныбын таныстыру

  Аталған  іс-шараға  бастауыш сыныптардың оқушылары  жақсы дайындалғаны байқалады. Шығырмашылық нөмірге белсене қатысты. Әділ қазыларға күзге байланысты өте қызықты  костюмдер, күзгі келбет композициясы  көрсетілді. Көрермендер оқушылардың жаңа өнерлерімен танысты. Оқушылар ән, би, қызықты 

көріністерімен  таң қалдырды. Осындай ауқымды үлкен шараларға қатысқан бастауыш сынып мұғалімдері мен

ата-аналардың еңбектері зор.

 

 Камышева Ж.Ж.

                                            

Талапкер орта мектебінің мұғалімі

Просмотров: 916


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст