4 «Ә» сыныбында «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы» тақырыбына арналған тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: : Оқушыларға бір-бірін сыйлау туралы түсіндіріп,адалдыққа ,адамгершілікке тәрбиелеу туралы мағлұматтар берілді.
Тәрбие сағатына 26 оқушы қатысты.2 оқушы денсаулықтарына байланысты қатыса алмады. Оқушылар шаттық шеңберін құрып бір - бірлерімен амандасып, бас иіп сәлемдесу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай - ақ та жымиып бас ию - адамға деген құрметті, сыйластықты білдіретінін білумен сабағымызды бастадық.Сенің айналаңдағы адамдарға деген құрметің жымиып тұрып жылы жүзбен амандасудан
басталады.Сый, құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі. Тәрбиеніңбасы отбасынан басталады.Сол себепті бала әрқашанда «Үлкенге
құрметпен,кішіге қамқормен » қарау керек. Сыныптастар бір-бірін ренжітпей ,тату болу керек..
Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдептілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін. Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді. Балалардың өз ойларын еркін айтуына және сыйласымды қарым - қатынас жасау адамның өзіне байланысты екенін түсінді.
Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты көңілмен ән салып,тақпақтар айтылды,ойындар ойналып, сабағымызды аяқтадық.
Тәрбие сағаты мақсатына жетті.Оқушылар алда адал, жақсы тәрбие алады деген сенімдемін.
Сынып жетекшісі:Сейдахметова Б.Қ.