"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Кез келген адамға пайдасы тиетін құнды кеңестер

15.11.2017

Кез келген адамға пайдасы тиетін құнды кеңестер

 

Кез келген адамға пайдасы тиетін құнды кеңестер Бенджамин Франклин рухани даму үшін бірнеше апта керектігін айтты. Әр апта сайын ол белгілі бір қағиданы ұстанатын. Бүгінде оның қағидаларын кез келген адам "дұрыс" деп санайды.

1. Өзіңді тежей білу. Есің кеткенше тамақ жеп, арақ ішпе.

2. Үнсіздік. Өзіңе не өзгеге пайдалы болатын нәрселер жайлы ғана әңгімеле.

3. Тәртіп. Әр затыңның өз орны болсын. Әр ісіңнің өз уақыты болсын.

4. Табандылық. Істеу керек деген істерді баста, ал бастаған ісіңді аяқта.

5. Үнемділік. Өзіңе не өзгелерге пайдалы болатын нәрселерге ақша жұмса. Артық шығынның пайдасы аз.

6. Еңбекқорлық. Уақытыңды бос кетірме. Үнемі пайдалы бір іспен айналыс. Міндетті емес істің бәрінен бас тарт.

 

7. Адалдық. Жалған сөз айтуға барма. Ойларың ашық, күнәсіз, әділ болсын. Сөзің де мейірімді, салмақты болсын.

8. Әділдік. Адамдарды ренжітпе, опасыздық жасама. Жақсы, игі іс тек шын ниетпен жасалуы керек.

9. Кешірімділік. Саған біреу зиян тигізсе, кешіре біл. Оларға реніш сақтаудың саған да, оған да пайдасы жоқ. Өз өміріңді қолға ал.

10. Тазалық. Киімің де, үйің де, қоршаған айналаң да айнадай таза болсын.

11. Байсалдылық. Түймедейді түйедей етпе. Кішігірім мәселелер үшін ашуға берілме.

Просмотров: 545


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст