Білімдегі жаңалыққа жаңаша көзқарас
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім
оларды қалай тəрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға жүктелетін жүк ауыр» деген болатын. Мұғалім қазіргі заманға сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу
мен тəрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары тұлға ретінде ұлағатты саналады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. ХХІ ғасыр-бәсеке ғасыры, бұл бәсеке енжарлықты, керітартпалықты көтермейді. Қазір мектеп алдындағы басты міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары болуы шарт. Осы айтылғандар маған да байланысты деп ойлаймын. Ол үшін кәсіби біліктілігімді көтеріп, жаңалықтарға назар аударып отыруым керек екенін түсіндім.
Мен, Алматы қаласында өткен екінші (негізгі) деңгейлі курсты тәмамдап, арнайы сертификат алдым. Осы деңгейлі курсты оқи отырып білім саласындағы жаңалықтардың жаршысы болдым. Оған өзім өте қуаныштымын, себебі осы курс негізінде білім беру саласындағы жаңалықтармен таныстым, өзімнің ұстаздық жолыма басқа көзқараспен қарауға, сабақ берудің жолдары мен әдістеріне деген ойымды түбегейлі өзгертті. Сонымен қатар бүгінгі күнде педагог қызметкерлердің қосымша білім мен дағдыларды алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдердің қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуына көмектесу; білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық үдерістерді қолдау;өз әріптестерінің тәжірибесін жетілдіру мақсатында оларды оқыту және тәлімгерлік етуде теориялық және практикалық кәсіби құзыреттілігі мейлінше терең мұғалімдерді даярлау мақсатында мектебімізде мұғалімдерге оқытудың
жаңа тәсілдері негізінде коучингтер өткізіп, үйретудемін. Өмірімнің елеулі жылдарын ұстаздыққа арнай отырып,
оқушыларға қазақ әдебиеті пәнінен білім беру жолында аянбай еңбек етіп жүрген жанмын. Осы пәнді басқа пәндерден ерекше жақсы көремін, себебі ұстаз ретінде әдебиетті меңгерген оқушылардың сөздік қоры, жан дүниесі бай болады деп санаймын, олай ойлауымның да себебі бар, өйткені әдебиет - сөз өнері, адам жанының айнасы. Сөз арқылы ақын-жазушылардың шығармаларымен танысып, әр шығармадан ләззат алуға, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге мүмкіндік алады. Әдебиет–әр шығармадан тәлім-тәрбие алуға тәрбиелейтін құрал. Бұл пәнді жан-жақты білім
беру арқылы сабағымда инновациялық технологияларды қолдана отырып, жеті модульді әр сабағымда кіргізуге
тырысамын.
Деңгейлік курс арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйрету, диалогтік оқу, оның түрлері, бағалау, оның түрлерін, талантты және дарынды балаларды оқыту,т.б. оқытудың жаңа тәсілдерімен таныстым. Сол арқылы өзімнің сабақ өткізу тәсілімді өзгерттім. Атап айтсам апталықтарда 7 сыныпта «Қозы Көрпеш- Баян Сұлу» , 8 сыныптарда М. Әуезовтың «Қараш-қараш» оқиғасы, 9 сыныпта «Ресми іс-қағаздар стилі» тақырыптарында ашық сабақтар, Республикалық семинарда «Педагогикалық мәдениет» тақырыбында коучинг өткіздім.
Оқушыларды топқа бөлу, оның бірнеше амалдарын меңгердім және топ ережесін құруға үйрете отырып, топтық жұмыстың ерекшелігін, оны ұйымдастыра отырып, "Джигсо", "Үштік одақ", "Әткеншек", "Аялдама", "Айналмалы бекет" сияқты топтық жұмысты ұйымдастырудың тиімді әдістері мені қатты қызықтырды және осы жұмыс түрі
оқушыларды да қатты қызықтырды.
Оқушылар постер, флипчарттарды қорғау арқылы ұйымшылдыққа, біреудің жұмысына сыни көзқараспен қарауға, өз ойын ашық айтуға, ой бөлісуге, сұрақтарды түрлендіріп қоюға үйренді.
"Ақылдың алты қалпағы", "РАФТ", "SWOT" тәсілдерін кез-келген сабақта тиімді қолдану арқылы сабаққа қызықтыруға, талдау жасауға үйретуге болады.
Орта, қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құрумен қатар, әр сабаққа рефлексия, кері байланыс жасау және оқушыларды бағалау үшін табыс критерийін құруды үйрену-мен үшін үлкен жетістіктердің бірі, себебі бұл
жұмыстардың сабақ үрдісінде берері мол, сонымен қатар нәтижеге жетудің бірден-бір тиімді жолы
ХХІ ғасыр.-толассыз ақпараттар ғасыры. Өйткені өткен дәуірлердегі ғылым мен техниканың қалыптасып, даму кезеңдері айқындалып, аяқталып, шарықтау шегіне жеткен заман. Ендеше бүгінгі таңда кез келген ғылым саласы өзіне сай біліммен қаруланып, жаңа ақпараттар мен жаңа технологиялармен толығу үстінде. Сондықтан да ХХІ ғасыр.адамының алдындағы мақсат-саналы да сапалы, бәсекеге қабилетті, жан-жақты білімді ұрпақ тәрбиелеп өсіру болмақ. Әдебиетті ғалымдар «сөз өнері», ал, әдебиет пәнін «адамтану, адамды тәрбиелеудің құралы» деп түсіндірген. Көркем әдебиетті оқытуда оның мазмұнын меңгертіп қана қоймай, әдеби-теориялық тұрғыдан талдай білуге үйретудің маңызы зор. Шығарманы талдау барысында кездесетін түрлі көркемдік элементтерді табу, талдау оңай емес. Бұл жайында Т.Ақшолақов; «Әдебиеттен білім беретін мұғалім жер астынан кең іздеген инженер-геологқа пара-пар немесе адам ағзасынан кінәрат іздеген дәрігерге ұқсас»,-деген. Бүгінгі күнде сабақ беру өте қиын, олай дейтін себебім қазіргі заманға сай тұлға дайындау үшін білімдегі жаңалықтардан қалмай, сол жаңалықтардың жаршысы
болуымыз керек.
Сөз соңында айтарым: өмір бойы іздену - өмірдегі басты ұстанымдарымның бірі болады, себебі сонда ғана заманның ағымына сай білімді де саналы ұрпақ дайындауға өз үлесімді қос аламын. Әр оқытушы жаңа жаңалықтарға жаңаша көзқараспен қарап қабылдағанда ғана жаңалықтардың жаршысы бола алады.