Сын тұрғысынанnойлауды дамыту технологиясын
пайдаланудың әдістері
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің әр түпкірінен жиналған білім берушілердің еңбектерінің жиынтығы. Аталмыш тәжірибені жүйеге келтірген: Чарлз Тэмпл,Джон Стилл.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы: оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге дайындайтығымен; сабақ өткізу барысында стратегиялардың үш кезең арқылы жүзеге асатын тиімділігімен, мұғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызу: оқыту мен ұйымдастырудың сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызу;оқыту мен
ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерінің молдығымен;ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен ерекшеленеді.
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарында оқыту, оқушыға үйрету емес, оқушының үйренуіне көмектесу жүзеге асырылады. Ұжымдық іс-әрекет білім игеруде ортақ қарым-қатынас құралына айналады.Білім алу мұғалім көмегімен оқушылардың білім деңгейіне қарап сараланып, балалардың өз еркімен жүзеге аса бастайды.
Қазір оқытылатын пәндер оқушылардың болашағы,таңдайтын мамандығына қарай бағытталып мақсатты білім беру ісіне назар аударылуда. Білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы- жеке, шығармашылық тұлға қалыптастыру. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім беру- тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер.Қазіргі
кезеңнің ең басты ерекшеліктерінің бірі ретінде жеке тұлғаның көзқарастары мен болмысына көңіл қоюдың артуынатап өту керек. Бұл бағдарламаның негізінде оқушылардың білімді өздігімен игеру идеясы жатыр Оқушы пікірін бағалау, оқушыны тыңдай білу.
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту»-сынау емес, шыңдалған ойлау.Оқушы өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой –өрісін кеңейтеді,еркін ойлап отырып, келе-келе мұғалімнің түсіндіргенінен гөрі өз ізденісімен қызығу танытып, шығармашылық қабілеттері ұшталады. Сонымен қатаржекелей жұмыстар,жұптық және топтық жұмыстар арқылы өз ойларын ашық айта білу,пікір айтуға үйрену, пікір таластыру (дебат әдісі),ойланып жауап беру, жолдастарының ойын тыңдау,жауаптарын бағалай білу.сыйластық, ұйымшылдыққа,білім деңгейлерінің жоғары болуына көп әсерін тигізеді. Оның ішінде ерекше бір жағдай: сынып бойынша көп сөйлемейтін, ойлау дәрежелері төмен оқушылардың қызығушылығы туып,олардың өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа
қатысуға тырысуы.
Сондай-ақ «Сын тұрғысынан ойлау» бойынша сынып оқушыларының топтағы білімдеріне бағалау ұшін бағалау критерийлерін (деңгейлерін) белгілеп алу қажет. Ол деңгейлер мыналар:
- Оқушылардың белсендік танытулары;
- Өз ойларын ашық,еркін жеткізе білулері;
- Тақырып бойынша ең негізгіні түсініп, ажырата білулері;
- Барлық топтар бойынша тәртіп,сыйластық,ұйымшылдықтың болуы.
Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз іздемпаздылыққа баулиды.Баланың еркін детерең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады,оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес.