"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

"Жол тәртібін білейік"

21.11.2017

Қыркүйек айының  сегізі    күні   2«Е»   сыныбында   "Жол тәртібін білейік" тақырыбында    тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатына сынып оқушылары  түгел белсене қызыға қатысты.

Сабақтың мақсаты:

1. Көшеде жүру тәртібі туралы білімдерін тиянақтау, жинақтау.

2. Көше тәртібін әрдайым сақтауға, қиын жағдайларда дұрыс шешім таба білуге тәрбиелеу, құқықтық тәрбие беру.

3. Оқушылардың ой - өрістерін, жан - жақты білімдерін дамыту.

  Оқушылар  3-топқа бөлініп отырғызылды.

  I-топ «Қызыл»

II- топ «Сары»

III-топ «Жасыл»

Топтар арасында сұрақтарға жауаптар алынды, сураттер құрастыру, сөзжұмбақ шешу,тақпақтар айту  бөлімдері  бойынша сайыс түрінде өткізілді. Балалар  берілген тапсырмаларды топпен орындап, ортаға спикерлері шығып қорғады.

Сабақ  тартысты да қызықты өтті. Оқушылар жол белгілерін танып білді,білетіндерін ортаға салды.  Сөзжұмбақты бірінші болып ,әрі дұрыс шешкен «Сарылар» тобы жеңіске жетті.

Просмотров: 653


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст