"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Жаңа ғасырдың жаңашыл ұстаздары

21.11.2017

Жаңа ғасырдың жаңашыл ұстаздары

        

                2017 жылдың 4 қыркүйегі мен 17 қарашасы аралығында Целиноград ауданының  №2 Қараөткел орта мектебінде Жаратылыстану бағыты пәндерінің мұғалімдері үшін «Информатика, Химия, Физика және Биология

пәндерінен сабақ беретін мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру» тақырыбы бойынша ағылшын тілінде 3 айлық  курс өткізілді. Бұл курсқа №3 Талапкер орта мектебінен 4 мұғалім, атап айтсақ, информатика пәні мұғалімі Магзумова

Р.С., химия пәні мұғалімі Отарбаев Ш.Ж., физика пәні мұғалімі Калиева А.Қ., биология пәні мұғалімі Қайсархан Г. қатысты.

            Курстың мақсаты курсқа қатысушы мұғалімдердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін кезең-кезеңмен жетілдіру барысында CEFR  тілдік құзыреттілік еуропалық шкаласына сәйкес А1 деңгейінен В2 деңгейіне дейін көтеру

болып табылады. Бағдарлама бойынша мұғалімдердің үш тілдегі білімге кезең-кезеңмен көшу жағдайында TKT CLIL (Teaching Knowledge in Content and Language Integrated Learning) қолдану дағдыларын меңгеру арқылы пән мен тілге

кіріктіріп оқыту тұрғысында жаратылыстану бағыты бойынша біртұтас әдістемелік практикалық бағдарланған жүйе әзірленген.

              Мұғалімдер курс барысында бағдарламаны жетік меңгеріп, А1, А2 деңгейіндегі және терминология бойынша сертификаттарға ие болды.            

  Жаңашыл мұғалімдерді құттықтап, істеріне сәттілік тілейміз!

Просмотров: 565


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст