"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Теңге - ұлттық табыстың кепілі»

23.11.2017

№3 Талапкер орта мектебі  кітапханасында  15 – қараша  Ұлттық  теңге  күніне  байланысты  5 «б» сынып  оқушыларымен   «Теңге  -  ұлттық  табыстың  кепілі»  атты  кітапханалық  сабақ  өткізілді.

Сабақтын мақсаты: Ақша ұғымдарына түсінік беру, айналымдардағы ақша түрлерін  білуге үйрету;  Өз Отаны Қазақстанға деген   мақтаныш сезімін ояту; төл теңгенің тарихын түсіндіру.

Кітапханалық  сабақта балалар «Табыс» және «Теңге» болып 2 - топқа бөлініп,  қызыға жұмыс жасады. Ұлттық теңге туралы өз білгендерін ортаға салып, білімдерін толықтыра түсті. Басқа елдердің де валюталары жайында да айтып шықты.Қосымша сұрақтарға  жауап беріп, теңге  туралы  өздері  дайындаған  тақпақтарын айтты. Ақша табу- батырлық,  Оны сақтау ақылдылық, Ал, оны үнемдеп жұмсау — өнер,- деп неміс жазушысы Б. Авербах айтқандай ақшаны тиімді жұмсауды үйренейік – деп  кітапханалық  сабағымызды аяқтадық.

Просмотров: 856


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст