Professional development program;
240 hours of intensiveEnglish course 6 hours of Subject Specific English
(Программа професионального развития: 240 часов интенсивного курса английского языка 60 часов тематический )
Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.
Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.
Үш тілде білім беруді Қазақстан мектептері егемендік алғаннан бері біртіндеп тәжірибеге енгізіп келеді. Ол қазақ түрік лицейі мен Назарбаев зияткерлік мектептерінде жүзеге асуда. Нәтижесі керемет! Алтыншы сынып бітіретін оқушылар жапа-тармағай сол мектептерге түсуге талпынады. Неге? Әрине, болашағы зор болғандықтан. Ендеше сол мүмкіндік жалпыға білім беретін мектептер мен лицей,
гимназияларға да туып тұр ғой. Иә, жұрттың дау туғызып жатқаны, бастауыштан бастап ағылшын тілін енгізу мәселесі болатын. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» - деген ескерту айтқан болатын. Дегенмен, «Үш тұғырлы тілдің» мәнін, маңызын, халық пен болашақ ұрпаққа беретін үлкен пайдасын көпшілік ұғына алмауда. Одан бөлек, Президентіміз 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететініне кепілдік беріп отыр.
Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндер ағылшын тілінде оқытылатыны хабарланды. Сол себепті қазірден бастап ағылшын тілінде оқытылатын пәндердің мұғалімдері тілдік курстарда оқып жатқаны да мәлімделді. Алдағы жылдары бірнеше пәннің ағылшын тілінде оқытылатын негізге ала отырып Qamshy.kz ақпарат агенттігінің журналисі. Ғылым және білім министрлігіне ресми хат жолдаған болатын.
Алдымен қай пәндер жоғарғы сыныптарда ағылшын тілінде жүргізілетінін нақтылап алсақ. Білім беру ұйымдарының жоғары сыныптарында (10-11 сынып) жаратылыстану бағытындағы химия, физика, биология, информатика пәндері ағылшын тілінде оқытылатын болады. Ал аталған пәндерді оқытатын мұғалімдерге келер болсақ, ағылшын тілінде мұғалімдерді оқыту үшін тіл курстары ұйымдастырылып жатқаны
мәлімделді. Курстар тілді нөлдік деңгейде меңгерген, сондай-ақ деңгейлері бар орта жалпы білім беретін мектептердің информатика, физика, химия және биология пәндерінің мұғалімдеріне арналған.
Курстардың білім беру бағдарламалары министрдің 2016 жылғы 14 қыркүйектегі №558, 2017 жылғы 27 қаңтардағы №32 бұйрықтарымен бекітілген.
Енді курстардың міндеттері: жаратылыстану-математикалық бағытындағы оқу үдерісінің ерекшеліктерін, сабақты жоспарлауды, Ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану бойынша құзіреттілікті ескере отырып, пәнді оқытудың қажетті деңгейіне дейін ағылшын тілін меңгеру деңгейін кезең-кезеңмен жетілдіру.
Ал қазірдің өзінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ Назарбаев университеті, НЗМ ДББ, «USTAZ Professional Development centre» ЖШС өндірістен қол үзіп және үзбей тілдік курстарды өткізуде.
Осы біліктілігін арттыру курстарына №3 Талапкер орта мектебінен төрт үстаз бардық яғни физика, биология, информатика, химия пәндерінің ұстаздары. А-1 және А-2 курсі 04.09.2017-17.11.2017 күндер аралыңында Қараөткель мектебінде болды.
Курс өте қызықты өтті. Үлкен кішісіне қарамастан түгел ұстаздар курсқа жақсы қатысып әр денгейдің соныңда ОНЛАЙН тест орындап , денгей бойынша тесттерді,эсселерді жазып тиісті бағаларымызды алып отырдық. Курсті соныңда бізге Назарбаев университетіңде « Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы » сертификаттарды табыс етілді. Әлі де осы біліктілікті арттыру В1 және В2 курсының жалғасы бар ...