"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Айгөлек» ән байқауы

27.11.2017

                               «Айгөлек» ән байқауы

      Елімізде үлкен де , кіші де сүйсініп көретін жобаның бірі «Айгөлек» байқауы.  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде Талапкер орта мектебінде бастауыш сыныптарда патриоттық әндерден  «Айгөлек» байқауы өтті. Ән айтатын жас бүлдіршіндерді сахнаға шыңдау, мектептептің жас таланттарын  анықтау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау болатын.  Байқауға қатысқан балаларға ата-аналар мен  мектеп ұстаздар да қолдау көрсетті. Өздерін бір сәт кішкентай жұлдыздай сезінген әншілерге мектеп директоры Абеева Сағынбала Хасеновна: «Әсем әуезді ән- адам жанының айнасы, өмір құбылыстарының көрінісі. Әннің әсері де әрқилы. Тәтті әуеннің әрбір ырғағында ұялаған терең мәнімен адамның ұйықтап жатқан жүрегін оятады. Оятады да оның жан дүниесін, әр түрлі күйге келтіреді. Зауқын сергітеді, мұңға бөлейді, бұғып жатқан дертін қозғайды. Адам көңілін жас баладай әлдилеп оятады. Сіздерді айтулы байқау мерекесімен құттықтап, барлықтарынызға жеңіс тілеймін деп сөзін аяқтады.  Туған жер, Нұр аға,

Қазақстан , Біз Отанның ұланымыз» әндерін шырқады.

     Қазақта «Асыл тастан, өнер жастан» деген мақал бар. Қай өнер болса да бала жастайынан машық болу керек.

                                                 

 Камышева Ж.Ж.

Просмотров: 974


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст