"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Қазақтың батыр қызы мәңгілік есімізде»

29.11.2017

№3 Талапкер орта мектебінің   кітапхана оқырмандар залында   2017 жыл 27- қараша  күні   Кеңес  Одағының  батыры, Қазақтың қаһарман  қызы М.Мәметованың туылғанына 95 – жыл толуына  орай  «Қазақтың  батыр 

қызы  мәңгілік  есімізде»  атты  кітапханалық әдеби – музыкалық  еске  алу  кешін  өткіздік.

Сабақтың  мақсаты: Оқушыларды М.Мәметова өмірімен таныстыра отырып, Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы:

Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтастыққа, достыққа, өз Отанын қорғауға тәрбиелеу. Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету,  қызығушылықтарын

дамыту. «Қазақтың  батыр  қызы  мәңгілік  есімізде»  атты  кітапханалық әдеби – музыкалық  еске  алу  кешіміздің көрермендеріне М.Мәметованың  өмірбаяны туралы  мағлұмат беріліп,ары қарай 4 – сынып   оқушыларының М.Мәметоваға  арнаған  өлең- жырларымен бастадық. 7 «ә» сынып оқушысы  Альмекенов Жанат Құрманғазының  «Балбырауын» күйін  орындады. Мектебіміздің оқушылары  тарих  пәні  мұғалімі Байманов Айбар  ағайдың  жетекшілігімен  10 – сынып  оқушылары   Кеңес  одағының батыры, Қазақтың қаһарман  қызы  М.Мәметованың өмір жолы, әкесі  үшін  кек  алу  жолында  майданға  аттануы  туралы  дайындаған   көріністерінен  ұлттық - патриоттық тәрбиелі мағына  алдық. Көріністе  Мәншүк ролін сомдап актерлік шеберлігімен тән қылдырған 10 сынып оқушысы Арғынбаева Динараның орындауы жүректі елжірететіндей  өте  әсерлі болды.Аналарға   арнап 6 «ә» сынып оқушысы Ошақбай Ақнұр, 8 «г» сынып  оқушысы  Базарбек Асем  «Ана  туралы  баллада»әнін  орындады. Көгімізде жеңіс туы желбіреді. Мәншүк біздің мәңгілік жадымызда! Ер есімін ел ұмытпайды!  Осы әділет жолында қасық қанын қиып ұрыс даласында ерлікпен шайқасқан батыр қаһарманымыз Мәншүк Мәметова әрқашанда ел есінде, оны әрдайым еске алып, құрмет көрсету біздің  басты  парызымыз. Кеш соңында мектебіміздің  директоры  Абеева Сағымбала  Хасенқызы сөз  сөйлеп, оқушыларымызға ризашылығын  білдіріп, мақтау қағазымен  марапаттап, ескерткіш ретінде  оқушылармен  суретке түсті.

Просмотров: 950


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст