ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына
катысты № 3 Талапкер орта мектебінің ұжымының ой пікірі
Құрметті де қадірлі ұжымдастарым! Куні кеше Тұңғыш Президентіміз -Елбасы Нурсултан Назарбаев Қазақстан халкына арналған жыл сайынғы жолдауына байланысты республикалық телеарналардың эфиріне малімдеме жасады.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы Жолдауын – егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс – жоспарға құрылған шын мәнінідегі тарихи құжат.
Осы стратегиялық құжатта Президентіміз мемлекеттік қызметтің барлық саласын қамти отырып, тәуелсіз Қазақстанымызды дамытудың, әрбір қазақстандықтың, әрбір отбасының, жастардың және келешек
ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды. Он бағыттан тұрады. Еліміздің 2050-ші жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуын және Жүз нақты қадам Ұлт жоспары аясында реформаларды жүргізіліп келетні. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылып жатқаны жөнінде айтылды. Конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастады. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы
қабылданды.
Бұл жолдағы негізгі бағдарымыз – «Қазақстан – 2050» Стратегиясын орындаудың кезеңді қамтитын маңызды міндеттерін атап көрсетті. Әр кезең сайын экономиканың жаңа белестерін бағындыру әрбір бес жылдықтың нақты нәтижесі болып табылады. Әсіресе, индустриялық - инновациялық даму,. Шағын және орта бизнесті дамыту, кәсіпкерлерге қолдау көрсету, жаңа өнім түрлерін көбейту, ғылым мен өндірісті дамыту тетіктері толығымен қарастырылған. Агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру керек. Бұл ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын түбегейлі арттыруға тиіс екенін айтып кетті.
Ал ең бастысы, еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. Елбасының осы жолдауындағы халықты қуантқан Зейнетақы еңбек өтілімін есептегенде 1,8 есеге өсетінін айтып, мұғалімдердің жалақысы жаңа бағдарлама аясында және біліктілігін расталуына байланысты 30-50 пайзға көтерілетіні туралы айтылып кетті. Аталған міндеттерді орындау үшін бүкіл қоғамның бірлігі мен ынтымақтастығы керек екенін айта отырып, Қазақстанның жарқын болашағына барлық мақсатарға қол жеткізуге болатынын айтты.