"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Оқушылардың облыстық пән олимпиадасы

16.01.2018

Оқушылардың облыстық пән олимпиадасы

Мектепте оқу-тәрбие үрдісі барысында дарынды балаларды анықтау, олардың ізденіс қабілеттерін дамыту жұмыстары жүргізіліп, ғылыми-ізденістерге үнемі баулу – білім саласының басты назарында. Оқушылардың оқу–материалдарын игеруі, шығармашылық бағыттағы деңгейін бағалау, пәнге деген қызығушылығын арттыру,

танымдық көзқарастарын қалыптастыру мақсатында желтоқсан айында республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңі, қаңтар айында облыстық кезеңі өткізілді. Республикалық пән олимпиадасының аудандық кезеңіне №3 Талапкер орта мектебінің 27 оқушысы қатысып, 21 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде тарих пәнінен 9 «Б»

сынып оқушысы Батырғали Парасат, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 10 «А» сынып оқушысы Карбаева Алтынай жеңімпаз атанып, облыстық кезеңге қатысуға жолдама алды. Республикалық пән олимпиадасының қаңтар айының 4-7 күндері Көкшетау қаласында өткен облыстық кезеңінде екі оқушымызда І турдан жоғары ұпаймен өтіп, ІІ турда жақсы нәтижеге қол жеткізді. Облыстық кезеңге қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізген үшін оқушыларымыз арнайы сертификаттарға ие болды.

Республикалық пән олимпиадаларына белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсеткен оқушыларымызға алғыс айта отырып, алдағы уақытта бұдан да жоғары жетістіктерге жете берулеріне тілектестігімізді білдіреміз.

Просмотров: 827


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст