"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Айгөлек» ән байқауы

17.02.2018

«Бұлақ көрсең көзін аш» дейді дана халқымыз. Дарынды , өнерлі бүлдіршіндердің шығармашылығына қолдау көрсетіп, жас таланттарды анықтау мақсатында тәрбие ісінің меңгерушісі Хамзина Гуля Аманжолқызының ұйымдастыруымен, бастауыш сынып ұстаздарының, ата–аналарының қолдауымен, Талапкер орта мектебінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» идеясын іске асыру аясында  мектепішілік  «Айгөлек» ән байқауы өтті. Бұл сайысқа қатысушы балапандар өздерінің үлкен дайындықпен келгенін байқатты. Өз Отанына, туған өлкесіне, ата–анасына, достық қарым–қатынасқа деген ыстық ықыластарын әнмен білдірген бүлдіршіндер көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, көңілімізді бір көтеріп тастады. Байқау болған соң, қатысушылардың өнерлері бірінен–бірі асып түсіп жатты. Сайыстың аты сайыс. Үш адамнан құралған қатал әділқазылар алқасы қатысушы өнерпаздардың әрқайсысына әділ баға беруге тырысып бақты. Әділ қазылар мүшелері орындарды номинация бойынша бағалады.

Просмотров: 886


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст