Текст
Бүгін мектебімізде «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» атты жас мамандар бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Апталықтың ашылуы "Таңғы квесттен" басталды. Жас мамандар оқушылар мен мұғалімдерді әртүрлі ойындарды ойнату арқылы қарсы алды. Нейрожаттығу,Пирамида құру, асық ату және т.б ойындар болды. Қазақ халқы қонақжайлы екен ескере отырып, мектепке келген оқушылар мен мұғалімдер "Бауырсақ Party" атты ұйымдастырылған дастарханнан бауырсақтан ауыз тиді. Іс-шараға оқушылар да,ұстаздар да өте белсенді қатысты. Апталықтың ашылуының жалғасы мәжіліс залында орын алды. Жас мамандар әріптестеріне өнерлерін көрсетіп,ән айтып,би билеп,қызықты ойындар ойнатты. Жас мамандар бірлестігіне сәттілік тілейміз!