Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектебі
PISA-2024 халықаралық зерттеуіне дайындық
PISA-2024 апробациялық халықаралық зерттеуіне
қатысуға байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша
МӘЛІМЕТ
Талапкер ЖОББМ-де мектеп мұғалімдерімен PISA нұсқаулығы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, дайындық барысында жұмыс жоспары құрылып, жауапты мұғалімдер мен қатысатын оқушылар мәліметі жинақталды. Оқушыларды дайындау барысында байқау тест өткізу күндері бекітілді. Кесте бойынша аптасына 1 рет байқау тесті өткізілді. Мектеп оқушыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мектепішілік байқау сынағы өтті. Дайындық жүргізілген зерттеу нәтижесінде мектеп оқушылары мынадай көрсеткіштерді көрсетіп отыр:
Математикалық сауаттылықты, оқу сауаттылығын, жаратылыстану сауаттылығын және мәселелерді шешудегі ептіліктерді тексеруде нақты тапсырмалар алынды.
Әр тапсырманың мәтіні бар, онда жеке сұрақтар қарастырылады, сонымен қатар қиындығы әртүрлі сұрақ берілді.
Тапсырманы орындау нәтижесі бойынша оқушының қойылған мәселені әр пәндерден алған білімін қолдана отырып, шешу қабілеті де бағаланды.