Текст
18.04.2024 күні Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектебінде
Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахметова Кульжанат Омуржанқызы « Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде» атты қазақ тілі мен әдебиет онкүндігі аясында 6 «Ж» сыныбымен Ерлан Жүніс «Менің атым—Тәуелсіздік» өлеңіндегі автор бейнесі тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, қазақ тілі қазақ әдебиет пәндерінде алған білімдерін кеңінен пайдалану, оқушыларды ұлы дала халқы перзенттерінің мәдени және тілдік мұрасын сақтауға, бағалауға насихаттау
Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.