Текст
Мақсаты: Әрбір оқушының жас ерекшелігіне, қабілетіне қарай дарындылығын әр түрлі әдістермен айқындау және дамыту, оның ішінде ғылыми іздеу қызметімен ұштастыру. Байқауға 10 оқушы қатысып, ғылыми жобаларын қорғады. Қорғау барысында баяндау, жинақтау, саралау, әдеби- ғылыми талдау әдістері басшылыққа алынды. Мектепішілік кезең өз мақсатына жетіп, жоғарғы деңгейінде өтті. Оқушылардың ғылыми жұмыстары бағаланып, аудандық кезеңге өткен оқушыларымызға сәттілік тілейміз.