"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

2024 жылдың 17 қаңтар күні Целиноград ауданының білім бөліміне қарасты «Ақмол ауылының ЖОББМ» КММ базасында Республикалық “Педагогикалық идеялар” фестивалінің аудандық кезеңі болды.

18.01.2024

2024 жылдың 17 қаңтар күні Целиноград ауданының білім бөліміне қарасты «Ақмол ауылының ЖОББМ» КММ базасында Республикалық “Педагогикалық идеялар” фестивалінің аудандық кезеңі болды.
Фестивальдің мақсаты: жаңаша идеялармен жобалар үстінде жұмыстар атқару.
Жаңашылдыққа бейім педагогтердің ойларын тыңдай отырып, тәжірибелерімен бөлісу.
Фестиваль мынадай бағыттарда өтті.
«Білім беру жүйесіндегі менеджмент» (білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары);
«Шеберлік палитрасы» (пән мұғалімдері);
«Шығармашыл толқын» (бастауыш сынып мұғалімдері);
«Сабақ аяқталған соң...» (сынып жетекшілері);
«Психолог сандықшасы» (психологтар).
Фестивальдің "Шеберлік палитрасы" бағыты бойынша мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байсеркеева Ж.Т. мен ағылшын тілі пәні мұғалімі Искендирова Ж.С. қатысып, өздерінің педагогикалық іс-тәжірибелерімен бөлісті. Фестиваль қорытындысы бойынша Байсеркеева Ж.Т. 1-орынмен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды. Ал Искендирова Ж.С. ерекше әдіс-тәсілмен бөліскені үшін сертификат иеленді. Мектебімізде жаңалықтың жаршысы болар ұстаздардың көп болуына тілектеспіз!

Просмотров: 2103


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст