Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарын, білім беру ұйымдарын бағалау өлшем шарттарын басшылыққа ала отырып, Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылыныңжалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де мемлекеттік аттестаттау өткізді.
Мемлекеттік аттестаттау жұмысы барысында мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігін, кадрлардың қамтамасыз етілуін, материалдық-техникалық базасының қамтылуын т.б. сұрақтар бойынша жұмыстар қаралды. Аттесттау комиссия мүшелерінің шешімімен «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келеді»- деген шешім шығарылып , «аттестатталсын» деген қорытынды шығарылды.