"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында «16- желтоқсан Тәуелсіздік күні» атты көрме ұйымдастырылды.

21.12.2023

Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында «16- желтоқсан Тәуелсіздік күні» атты көрме ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты; Оқушыларға  Қазақстан  туралы,  оның Тәуелсіздігі  туралы мәлімет беру , Тәуелсіздікке  қалай  жеткенін  баяндау , көрсету , оқушыларды өз елін сүюге , кадірлеуге, осы елдің ұланы  екенін  мақтан етуге  баулу , өз ана тілін  сүюге ,әдемі сөйлеуге  үйрету.

Еліміздің  тәуелсіздік  алу жолындағы  ата-бабаларымыздың  ерлігін паш ету, оқушыларға  желтоқсан құрбандарымен , желтоқсан оқиғасына  қатысқан  аға –апалардың  ерлігін  үлгі етіп көрсету.Оқушылардың туған өлкемізге  деген сүйіспеншілігін , сезімдерін  ояту.

1986 жылы  16 –желтоқсанда  қазақ халқы  тар жол тайғақ кешуден  өтті.Желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай  жұмылған әрі  бақытты , әрі қайғылы  күн еді . Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының  бостандыққа  ұмтылған  асқақ армандары  мен қайсар  рухының жемісі .  тәуелсіздік  күні ең қастерлі  күн . Тәуелсіздіктің  арқасында  бүгінге дейін көптеген жетістіктеріміз  бар. Осындай  берекелі  елде тұру  әрбір қазақстандық үшін  үлкен бақыт.  Бүгінгі біздің дербес  ел болып ,уығымызды  қадап , шанырағымызды  көтеріп ,ерікті  еркін мемлекетімізді  құрып ,Қазақстан Республикасы  атанып , көк байрақ  туымызды  желбіретіп  әлемге  әйгілі  болумыздың  өзі- осы  тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Бүкіл ұлттың  сүйегіне таңба түсіріп , әділетсіз шешім қабылданып, халықтың  ар-намысын  таразыға салынған  сын сағатта дүлей күшке қаймықпай  қарсы  шыға  келген жастарымыздың  ерен еңбегі ешқашан  ұмытылмайды. Тәуелсіз  Қазақстанның  таңы нұрлы ,егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік  болып,  көк аспан қасиетті  көк  туымыз  мәңгі желбіресін . Тәуелсіз еліміздің болашағы сендердің қолдарыңда, ел үшін, жер үшін намысты қолдан бермейтіндей ,қашанда бірлікте, татулықта, достықта болыңдар!

Просмотров: 2126


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст