"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында 15-қараша «Теңге –Тәуелсіздік келбеті» атты көрме ұйымдастырылды.

17.11.2023

Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында 15-қараша «Теңге –Тәуелсіздік келбеті» атты көрме ұйымдастырылды.

 Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып,сөздердің мағынасын, теңгенің қолдану аясын жете білуменнен байланыстыра отырып теңгенің  мүмкіндігін  дамыту.

  Туған жерін отанына сүйіспеншілігін ояту. .                                                                                  Көрнекілігі: Алғашқы теңгелердің үлгілері, көрме ,суреттер,

 Кез-келген мемлекеттің ұлттық валютасының болуы соның ішінде біздің егеменді еліміздің теңгесі , оның егеменді ел ретінде айқындайтын белгісі болып табылады.

   Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі-ұлттық валюта. Ақша- асыл қазына, халық байлығы.
        Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларында арнаулы шеберханаларда жасаған.
       Ұлттық валютамыз 1993 жылы қарашаның 15-інен бастап айналымға енгізілді.  Теңге - Қазақстан Республикасының бірден-бір заңды төлем құралы.
      Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы, белгісі бар.
      Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Тимур Сүлейменов болды.

Қазақстанның ұлттық валютасы теңге 1993ж. 15 қарашада шықты. Алғашқы теңгелерде  қазақтың қоғамдық мәдени өміріндегі ерекше тұлғалар Әл- Фараби, Абай, Құрманғазы, Шоқан,Әбілқайыр хан бейнелері көрініс тапты .Олар 1,3,5,10,20,50,100,500,1000,2000, теңгелік билеттерде шығарылды. 2007 жылдан бастап жаңа нұсқалар шықты.


Біз мемлекеттік рәміздерді және ұлттық теңгемізді құрметтейміз. Себебі, теңге – тәуелсіздіктің үлкен бір белгісі, әрі халық үшін ХХ ғасырдағы үлкен жетістік.
 

Теңге –жалған  ақшадан  қорғалған әлемдегі  ең қауіпсіз валюта. Америкалықтар осы теңгенің технологиясына сүйеніп , доллардың  қауіпсіздігін күшейткен.

Оқушыларға  Қазақстанның  ұлттық валютасы , теңгеміздің  шығу тарихы мен  таныстырып .,төл теңгемізде  бейнеленген ұлы тұлғаларымыз туралы  мәлімет бердік. Оқушылар  өз тараптарынан сұрақ-жауап  қоя отырып , білгендерімен бөлісіп ,керекті ақпараттар алды.

Просмотров: 1899


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст