"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Талапкер ауылының ЖОББМ кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы бойынша «Жаңа кітаптар әлемінде» көрме ұйымдастырылды.

09.11.2023

Талапкер   ауылы  жалпы орта білім   беретін мектеп  кітапханасында «Балалар  кітапханасы» жобасы бойынша  «Жаңа кітаптар әлемінде»   көрме  ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: Оқушыларды  жаңа түскен кітаптар мен таныстырып, кітапқа деген қызығушылығын ояту. «Балалар кітапханасы» бағдарламасының басты мақсаты  мектеп кітапханаларын    маңызды балалар әдебиетімен қамтамасыз ету.Балалар әдебиеті  тізімін қалыптастыру және жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын ояту.

Кітап-білім бұлағы болса, кітапхана –рухани байлықтың ордасы. Кітапханамызға   жаңа  кітаптар тізімі  Абай Құнанбаев,  Ыбырай Алтынсарин, Бауыржан Момышұлы, Жұмекен  Нәжімеденов,  Оралхан Бөкей   т.б әлем әдебиеті, және балаларға арналған ертегі кітаптары келіп түсті.

  Кітап оқу дәстүрін жандандыру, кітап  оқу – жеке  тұлға  дамуының  күшті факторы  екенін түсіндіру.  Кітап оқу арқылы  балалардың еркін ойлауына, көркем әдеби  тілде  сөйлеуіне, ой –өрісін  дамытуға ықпал ету.балалардың  кітапқа және оқуға  қөзқарасын  өзгерту , кітап оқуға бос уақытты ұйымдастырудың  тиімді пайдалы  екенін ұғындыру.

 Кітап –адамзаттың  көне замандардан  келе жатқан  жолаушысы ,серігі,парасатты ұстазы, адал досы ,тарихтың шынайы куәсі.Рухани  байлықты  ұрпақтан-ұрпаққа  сақтауға  керектігі жайлы айтып, балалардың  кітапқа деген  сүйіспеншілігін  арттыру, кітапхананың  кітап қорымен таныстырып насихаттап,балаларды кітап оқуға шақыру . Кітап адамға кемелденуге  көмектеседі. Бүгінде қаншама технологиялар  шығып жатыр, бұлардың  барлығы кітаптың  орнын алмастыра алмайды. Сондықтан  балаларға кітапты сүйіп оқуға  көмектесу керек  . ал кітапхана  әрқашан болашақтың қақпасы болып қала береді. Сондықтан  кітапқа  құмар ұрпақты  қалыптастыру  біз ұшін ең  үлкен міндет , сол міндетті  абыроймен  атқаруға бәріміз теңдей мүдделіміз

 

 

Просмотров: 673


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст