"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңі өтті

08.11.2023

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 8-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңіне 5-7 қараша аралығында Талапкер ауылының ЖОББМ-нің оқушылары да қатысты. Аталған шараға қазақ әдебиеті пәні бойынша 9-сынып оқушысы Қамбарбекова Ақтілек «Қазақтың жыр-дастандарындағы бес қарудың көрініс табу ерекшеліктері» (жетекшісі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Байсеркеева Ж.Т.), тарих пәні бойынша «Қазақстан – сойшаңғының Отаны» тақырыбымен Байболсынова Гүлмира (жетекшісі Рахимов Е.Т.), ағылшын тілі пәнінен Мукашева Амирхан «Fascinatinq ways of learninq English» тақырыбында (жетекшісі Сейльбекова Г.М.) ғылыми-зерттеу жобаларын қорғап қайтты. Конкурста Байболсынова Гүлмира ІІ орын, Қамбарбекова Ақтілек Грамотамен, Мукашев Амирхан сертификатпен марапатталды. Талабы мықты, таланты жоғары шәкірттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!

Просмотров: 589


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст