"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында 25 қазан Республика күніне «Менің Қазақстаным –Менің болашағым» атты көрме ұйымдастырылды.

24.10.2023

Көрменің мақсаты: Оқушыларды  туған жерін, туған елін, халқын ардақтап  өтуге үйрету.  Бақытқа жетер даңғыл  жолдың бірі  -туған Отанды сүюден  басталатынын  түсіндіру. Отанға деген патриоттық  сезімдерін ояту

Жас ұрпақты  Отанын сүюге, еліміздің  рәміздерін  қастерлеуге, бай- қуатты ел екендігін  мақтан етуге  үйретіп ,туған еліне , жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту: Отанын  туған жерін қорғай  білуге,  халқымыздың талантты  ақындарының  өлеңдері мен ата- бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық  сөздері арқылы  оқушылырды ұлтжандылыққа , атамекенін көздің  қарашығындай  сақтай білуге , патриоттық  сезімге тәрбиелеу.

1990 жылы 25 қазан күні Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесінің  шешімімен «Қаз ССР-нің  мемлекеттік  егемендігі  туралы» декларация қабылданды.

Сол кезден  бастап Қазақстан  егеменді  елге айналуының алғы   шартын  бастап кетті,Еліміздің  жеке  территориясы , азаматтығы , мемлекеттік бюджеті , халықаралық қатынастардағы  дербестігі, мемлекеттік рәміздері  бекітілді.

1990  жылғы Декларацияда Қазақ ҚСР -нің мемлекеттік егемендігі жарияланып , елдің  саяси –құқықтық  тәуелсіздігінің  бағдарламасы  баяндалды. Ел аумағының  түтастығы , оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының  және Қазақстандағы  басқа  да этнос  өкілдерінің төл  мәдинетін, дәстүрін,  тілін қайта  түлету мен дамыту, ұлттық  қадір қасиетті  нығайту  мемлекетттің  ас маңызды міндеттерінің  бірі ретінде айтылды.

25 қазан Республика күні –ата –бабамыз аңсаған  арманның  жүзеге  асқан , елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.

Осындай  маңызы  бар тарихи күнде еліміздің туы асқақтап , келешегі көркейе берсін.

               

Просмотров: 929


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст