"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Қазақстан халқы Тілдер күні мерекесіне арналған «Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» тақырыбы аясындағы онкүндікте «Дауылпаз ақын – ел мақтаны» тақырыбында әдеби кеш өтті.

14.09.2023

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 
Тілдер мерекесіне орай өткен іс-шараның ақпараты

Қазақстан халқы Тілдер күні мерекесіне арналған «Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» тақырыбы аясындағы онкүндікте «Дауылпаз ақын – ел мақтаны» тақырыбында әдеби кеш өтті. 
Кеш мақсаты:
1.Ұлы күрескер бабамыз Махамбеттің тарихи тұлғасы, дауылпаз ақындығы мен сазгерлік қабілет-қасиеті, киелі аруақ иесі екендігін таныту.
2.Қазақ тарихына жаңаша көзқарас қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, тарихи деректер бойынша
тұжырым жасай білу дағдысын үйрету.
3.Туған жерді сақтай отырып, оны аянбай қорғау сезімдеріне баулу. Бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық азаматтық тәрбие беру, поэзияны сүюге баулу, ұлттық сананы қалыптастыру.
Кеш дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай 9-сынып оқушылары арасында өтті. Кеш барысында оқушылар ақынның өмірбаянына тоқталып, арнайы жасаған презентациялары арқылы баяндама жасады. Келесі сыныптың оқушылары ақын жырларын жатқа оқыса, ендігі оқушылар ақын өлеңдерінің мағынасына тереңінен бойлады. Ал Сағит Сұлтан мен Хасен Алижанның М.Шахановтың «Нарынқұм зауалы» шығармасы бойынша қойған қойылымы көрерменге терең ой салды әрі қойылым кейіпкерлері шынайы ойнап, оқушылардың ризашылығына бөленді. Тағылымы зор әдеби кеш балалардың жүрегінен орын алып, олардың өр тұлғалы ақыннан үлгі алып, ел азаматтары болып қалыптасатынына сенеміз. Ұйымдастырғандар қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдері Кульмагамбетова С.Т. және Байсеркеева Ж.Т.

Просмотров: 2078


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст