"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» Тілдер онкүндігіне орай "Тіл мәртебесі – ел мерейі" тақырыбында баяндама оқылды

08.09.2023

5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдер күні мерекесі аясында ауданымызда тілдер дамыту орталығы ұйымдастыруымен мерекелік іс шара өтті. Мектебімізден қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі- Кайкенова Асемгуль Аманкельдыкызы " Тіл мәртебесі- ел мерейі" тақырыбында баяндама оқыды

Тіл мәртебесі – ел мерейі

  

Бұл өмірде аз күн қонақ болармыз,
       Мүмкін елу, мүмкін жүз жыл салармыз.
Ана тілін ардақ тұтып, қастерлеп,
Құрметтейік келгенінше шамамыз!

   Мемлекеттік тіл Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де — мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Біз Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз.

   Тіл адамдардың қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол сөйлеу әрекетінің арқауы болып табылады. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Қазіргі таңда, еліміз өз егемендігін алып, дербес мемлекет ретінде танылуда. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз. Мемлекеттік тіл  тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» -деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек,  Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны.  Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Отбасы өзіміз де, Отанымыз – Қазақстан! Тіл меңгеруде ата-ананың рөлі ерекше екенін, әр отбасы уыз шағынан балаға қазақ тілін үйретуді қолға алса, бұл тілдің еш қиындығы жоқ. Қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. Елбасымыз айтқандай: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде».  Ендеше, тілімізді, ұлтымызды отбасымызды қадірлегендей қадірлейік!

  Тіл-адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес,  ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету  тіл арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік тілді оқыта отырып, жастардың бойына елдік сана сіңіріліп,  мемлекеттік рәміз, ұлттық діл, ұлттық болмысын бойыларына сіңіруге қажымас жұмыс жасап келеміз. Мемлекетіміз көпұлтты мемлекет,яғни әр ұлттың ана тіліне деген құрметті есімізден шығармай, сыйлай білуге тәрбиелеуіміз қажет. Осы арада Қазақстан халқы тілдер күні мерекесін оқу ордаларында, мектептерде ерекше мән беріліп аталып өтуде.

  5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі. Бұған дейін (1998 жылдың 20 қаңтарынан бастап)  22 қыркүйекте атап өтілетін мереке, 2017 жылғы үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысымен 5 қыркүйекке ауыстырылған. Атаулы датаның өзгеру себебі – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы -Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Бүгін барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды. Жалпыхалықтық атаулы датаны туғанына 147 жыл толған Ахаңның мерейтойына орайластыруында үлкен мән бар. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, «жаңа емле, төте жазу, араб графикасы сынды жаңа үлгі ұсынған реформатор.

    2022 жылдың 5 қыркүйегі күні Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде де  Тілдер мерекесінің онкүндігі болды.  «Тіл- өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» атты онкүндігіміз

Ахмет Байтұрсыновның 150 жылдық мерей тойымен ұштасып келгендіктен,барлық дерлік іс шарамыз Ұлы ұстаз-Ахмет Байтұрсыновқа арналды. Тілдер мерекесіне орай жоспарланған онкүндігіміздің  мақсаты: Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту, мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.   

        Іс-шараның өтуіне қазақ тілі бірлестігінің жетекшісі А.А.Кайкенова, ағылшын тілі бірлестігінің жетекшісі А.Б.Керимбаева, орыс тілі бірлестігінің жетекшісі С.С.Тлеуберді  жауапты болды.Өткізілген іс шаралардың фотолары, видеолары, мектеп сайтына, инстаграм, фейсбук желілеріне салынып отырды.

   «Тіл- өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» атты онкүндігінің  салтанатты ашылуын үш тілдің    (қазақ,орыс және ағылшын тілі) әдістеме бірлестігінің жетекшілері құттықтау сөздерімен бастады. Ашылу салтанаты екі ауысымда мектеп алаңында өтті. Мерекелік көңіл күй ауа райының  қолайлы болуымен де ерекше болды. Онкүндік ішінде өткізілетін сабақтан тыс іс шаралар  жоспарымен таныстырылып өтті.

Жоспарға сәйкес әр іс шара уақытылы өтіліп отыруын, белсенділік танытқан оқушыларды марапаттайтыны туралы да ескертілді. Сабақтан тыс іс-шаралар, сайыстар, байқаулардың өтілу шарттары да айтылды. Сонымен қатар осы онкүндік аясында мектепішілік оқулар да өткізілді.

    Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл – халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу қазақ баласының бірден-бір міндеті болып табылады. Онкүндіктің ашылуында мектебіміздің оқушылары ән айтып, өлеңдерді мәнерлеп оқып, күй шертті.

Домбыра қазақтың қасиетті аспабы. Сол домбыра арқылы қазақтың «Балбырауым» күйін 7 сынып оқушысы Бараков Амир орындады. Тіл туралы,ана тілімізді құрметтеп, қадырлеуіміз керектігін айтып қана қоймай, өлең жырларда да ақындарымыз жырлайды әр кезде. Оқушылардың орындауында ана тіліміз-қазақ тілі туралы өлең шумақтарын мәнерлеп оқып берді.

                Мәні мен маңызы  болашақ ұрпаққа беретін үлкен пайдасы мол онкүндігіміздің негізгі тақырыптарының бірі-Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерей тойына арналғандықтан «Тарихи тұлға-Ахмет Байтұрсынов» тақырыбында 8-сыныптар арасында бейнебаян көрсетілді.Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлы туралы білімдерін кеңейту. Оқушылардың өз бетінше ізденіспен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. Оқушыларды адамгершілік, қайырымдылық, бірлік рухында тәрбиелеу.8-сыныптар арасында «Ахмет Байтұрсынұлы – тарихи тұлға тақырыбында бейнебаян көрсетілді. Бейнебаянда оқушыларға Ахмет туралы мәліметтер беріліп, өмірі мен шығармашылығы, халыққа сіңірген еңбегі туралы сөз қозғалды. Ахмет Байтұрсынұлы туралы бейнебаянды оқушылар қызығып тыңдады, сонымен қатар өз білгендерімен бөлісті.

  «Түркі тілдерінің ішіндегі жауһары-қазақ тілі» атты 8-11 сыныптар арасында эссе байқауы өтті балалар эссе жазу барысында тілге құрмет, ана тілінің қасиеті туралы жазды. Онкүндіктің жабылуында ерекше жазған оқушы марапатталды.

   Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерей тойына орай «Ахмет Байтұрсынов-кемеңгер қоғам қайраткері»тақырыбында  сыныптарда тәрбие сағаттары өтті.Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы мен өмір жолдарынан қызықты мәліметтермен балалар танысты. Мақсаты: ХХ ғасырдың біртуар азаматы, өз халқының айнасы болған ұлы қоғам қайраткері, ақын, ұстаз, ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы жайлы айта отырып, оның туған халқы үшін аянбай еткен еңбегін дәріптеу, ұрпаққа үлгі ету.

   Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай өткізілген «Ахмет оқулары» атты 5-7 сыныптар арасында челленджі өтті. Оқушылар Ахмет байтұрсынов өлеңдерін жаттап,оны нақышына келтіріп мәнерлеп жатқа айтып берді. Ерекше көзге түскен оқушылар 5 «Ә» сынып оқушылары болды.

 «Мой Независимый Казахстан» смотр –конкурс на лучшее сочинение-эссе  среди 7-9 классов Эпизоды из мероприятия 8 «а» класса на тему «Язык – гарант дружбы»

   Сонымен қатар мектебімізде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай  9-11-сынып оқушылары арасында «Дара тұлға» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел мақсаты:Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстарының бірі -Ахмет Байтұрсынов асқар тұлғасы туралы кеңінен мәлімет беру, өмір сүрген қоғамдық- әлеуметтік кезеңімен таныстыру.
            Дөңгелек үстелге 9-11-сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында әр сынып оқушылары ақынның қиындыққа толы өмір жолын баяндады. Дара тұлғаның шығармашылық бағыты туралы кеңінен әңгімелеп, әдебиет әлемін зерттеуіне қосқан үлесі жайлы сүбелі ақпараттар берілді. Жанель Ахметтің қазақ терминологиясының атасы екенін арнайы дайындаған презентациясы арқылы көрерменнің көзін жеткізді. Одан бөлек келесі топ Ахметтің бүгінгі таңдағы ұрпақтары жайлы сыр шертті. А.Байтұрсынұлы жайлы түсірілген фильмнен үзінді көрсетіліп, фильм жайлы толық ақпарат берілді. Құнанбаев Берік Ахмет шығармалары жайлы өз ойын білдіре отырып, мағынасы терең мысалдарының бірін жатқа оқыды.

 «Латын әліпбиі туралы не білесің?» дәріс сабақ 7 сыныптар арасында өтті.

   Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өз ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ.Оқушыларға ана тілінің қадір - қасиетін ұғындыру, елін - жерін сүйетін, егеменді еліміздің ертеңі болар саналы, білімді, ұлтжанды азамат тәрбиелеп, "Тілдер әлемі "атты мектепішілік мәнерлеп оқу сайысы өтті.

  «Ахмет Байтұрсынұлы- ұлт ұстазы» тақырыбында 5-6 сыныптарда танымдық сабақ өтті.Жауапты мұғалімдер: Кульмаганбетова С.Т. және Кайкенова А.А. болды. Танымдық сабақтың мақсаты: 

1. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. 2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оныңкөркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу 3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту

  Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Ал қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы адамдар өмір сүрді. Бір басында сан салалы өнер тоғысқан тілегей теңіз энциклопедиялық білім иесі қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.

Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі Ахмет А.Байтұрсыновтың өмір жолына арналды. Оқушылар өмір жолына,еңбектеріне тоқталып, аудармаларынан көріністер көрсетті.Өлеңдерін жатқа оқыды.Қорытындысында сұрақтарға жауаптар беріп,өте қызықты өтті.

                 «Тілім - тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты мәнерлеп оқу сайысы 5-6 оқушыларының арасында өткен іс шараны ағылшын тілі пән мұғалімдері ұйымдастырды. Мақсаты: оқушыларды өлең оқып, ана тілі және өзгеде тілдер туралы ән айтуға баулу, тіл туралы мағлұматтармен бөлісу.Жауапты пән мұғалімдері: Каюпова С.Б , Оспанова М.Е

 «Үш тілді білу-елге үлгі болу» атты зияткерлік сайысты орыс тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өтті.

  Ағылшын тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен сайыс сабақта Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылы,кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат берілді.Мақсаты:Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, үш тілділікке баулу. Сабақтың барысында оқушылар үш топқа бөлініп,Ахмет байтұрсыновтың өмірбаяны, шығармашылығы мен саяси жолымен танысып,интеллектуалды ойынға қатысты. Ойын барысы төрт кезеңді қамтыды. Олар сұрақтарға жауап беріп, үш тілде аударып, ораторлық өнерден құралды.Жауапты ағылшын пән мұғалімдері: Алив Ж, Искендщирова Ж.С., Ермегеева М.М. болды.Сайыс өте қызықты да тартымды өтті.  Сонымен қатар ағылшын тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен танымдық сабаұ, дөңгелек үстел, мәнерлеп оқу сайыстары өткізілді.

   Келесі айтып өтетін шығармашылық жұмыстың бірі "Дәуірдің жарық жұлдызы" тақырыбында 10- сынып оқушылары арасында эссе жазу байқауы өтті. Байқау ғалым А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған. Байқау мақсаты: оқушыларды шығармашылық жұмысқа бейімдей отырып, ұлы тұлға Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау. Байқау қорытындысы бойынша 1- орынды 10 "А" сынып оқушысы  Камариденов Диас, 2- орынды 10 "А" сынып оқушысы Амангелді Мадина, 3- орынды Сақтағанова Әсем иеленді.

       Қазақ тілі бірлестігімен қатар орыс тілі, ағылын тілі  арасында іс шаралар жоспар бойынша өтілді.  Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесіне біздің мектебіміздің оқушылары белсене қатысты.  «Тіл ұлттың тамыры, сыйынатын тәңірі» тақырыбында  тілдер мерекесінің жабылу белсенді қатысып, ұшқыр ой,терең білімдерімен көзге түскен оқушылар марапатталды.

   Осы онкүндіктің аясында мектебімізде оқитын өзге ұлт өкілдері де барынша қызығушылықпен қатысып,өз өнерлерін ортаға салды. Мысалы:10 сынып оқушысы-Якубова Мария  (ұлты –донған)  қазақ тілінде эсседен жүлделі бірінші орынға ие болды. Милюк Олжас (әкесі –поляк) қазақша әнімен көрермендердің ризашылығына бөленді. Сонымен қатар өзбек,орыс, қытай ұлт өкілдерінің де өнерлеріне тәнті болдық.

   Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі.. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Қазіргі кездегі біздің басты мақсатымыз жас ұрпақтың  мемлекеттік тілді жетік білуіне және еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің тілін құрметтеуіне ат салысу. .

   Сөзімнің соңын Елбасының ана тілі туралы айтқан мынадай көрікті ойымен аяқтағым келеді: «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған,  өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі жас отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйтқысы болған – оның ғажайып тілі».

  Тәуелсіздіктің негізгі  тірегі – ұлттың тілі, діні, ділі. Тәңірдің адам баласына жасаған  сыйы да  — тіл. Ол- қасиетті де қастерлі. Оның бойында өзекті, жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Тілде бүкіл тіршілік тұрғандай.  Тіл – ұлттың аса игілікті әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Тілдің тағдыры – баршамыздың қолымызда.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жазған:  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:

 Кайкенова Асемгуль Аманкелдіқызы

 

Просмотров: 2041


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст