"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«ҮЗДІК ЖАС МАМАН – 2023» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

02.05.2023

Целиноград ауданы Талапкер ауылының жалпы орта  білім беретін мектебінде  жылдық жоспарға сай "ҮЗДІК ЖАС МАМАН-2023" байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – жас мамандардың біліктілігі мен өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға баулу.

Сайысқа мектебіміздің 13 жас маманы қатысып, бақтарын сынады. Байқауға қатысқан жас мамандар төмендегі сынақтардан өтті:  «Өзін-өзі таныстыру»,  «Қатысушының өз өнері», «Педагогикалық ситуация», «Видео сабақ», «Педагог портфолиосы». Өте қызықты әрі тартысты  өткен сайысқа жас мамандар тиянақты дайындықпен келгендіктерін көрсетті. Таныстыру және өнер көрсету кезеңдерінде мұғалімдер өздерінің жан-жақтылығын көрсете білді. Жас болса да, ұстаз деген атқа лайық жас мамандар педагогикалық жағдаяттарды жан-жақты орындады. 13 жас маманның барлығы да өз ісінің үздігі болуға лайықты екендігін қазылар алқасы атап өтті. Әділ қазылар алқасының  мүшелері  бес  кезең бойынша  қатысушылардың бағаларын сараптап, нәтижесін шығарды.   Ал мектеп директоры “ҮЗДІК ЖАС МАМАН - 2023” байқауы бойынша әділ қазылар шешімін қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттады. Іс-шараның қорытындысы бойынша математика пәнінің мұғалімі Тыныштық Исабек І орын, технология пәнінің мұғалімі Жакипов Нұрәлем ІІ орын, ағылшын тілі пәні мұғалімі Аубакирова Айлана ІІ орын, бастауыш сынып мұғалімі Мамина Аружан ІІІ орын, математика пәнінің мұғалімі Серикбаева Анелья ІІІ орын, бастауыш сынып мұғалімі Темиргазина Айгерім ІІІ орынды иеленді.    Белсенді қатысқаны үшін тарих пәнінің мұғалімі Сағатова Лаура, математика пәнінің мұғалімі Салқараева Тоғжан, мектеп психологы Асамбаева Айзада, информатика пәнінің мұғалімі Мақыш Сағындық, бастауыш сынып мұғалімі Ахит Алуа, бастауыш сынып мұғалімі Садуақас Жұлдыз, ағылшын тілі пәні мұғалімі Ерланова Дана  алғыс хатпен марапатталды.

Мектепішілік «ҮЗДІК ЖАС МАМАН - 2023» байқауының жеңімпазы келесі аудандық кезеңде де шеберлігі мен біліктілігі танылып, жүлделі орын алуына тілектеспіз.

Просмотров: 1022


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст