20.04.2023
          Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде жылдық жоспарға сай «Үздік педагог - 2023» байқауы өтті.   2023 жылдың үздік мұғалімін анықтау мақсатында ұйымдастырылған байқауға әр әдістемелік бірлестік атынан ұсынылған 10 мұғалім қатысып бақ сынады.                         Байқаудың негізгі мақсаты: Жаңа педагогикалық идеяларды оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асыратын, шығармашылықпен жұмыс жасап жүрген ұстаздарды анықтау. Байқау тапсырмаларына сай қатысушылар «Өзін-өзі таныстыру», «Педагог портфолиосы», «Электрондық тасымалдағыштағы жазылған оқу сабақтары», «Эссе», «Бейнероллик», «Қатысушының өз өнері» атты берілген тапсырмалардан жарысқа түсті. Байқауға үміткерлер белсене қатысып жүлдегерлер анықталды. Қазылардың шешімі бойынша: 3 орын- дене шынықтыру мұғалімі Сағындық А.А., ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шрахметова Ж.Т, 2-орынды орыс тілі пәнінің мұғалімі  Ермегеева М.  және тарих пәнінің мұғалімі Абилев Алібек, ағылшын тілінің мұғалімі  Нурпейсова Гүлзат 1- орынды,   және бас жүлдені география пәнінің мұғалімі  Жұмағали Ардағым иеленді.  
Салтанатты іс-шараны мектеп директоры қорытындылап,  қатысушыларды алғыс хатпен марапаттады. Байқаудың барлық кезеңінен сүрінбей өтіп мектепішілік  «Үздік педагог - 2023» атағын жеңіп алған   география  пәнінің мұғалімі  Жұмағали Ардағым Бақытқызы  аудандық кезеңге жолдама алды. Мектепішілік «Үздік педагог - 2023» байқауының жеңімпазы келесі аудандық кезеңде де шеберлігі мен біліктілігі танылып, жүлделі орын алуына тілектеспіз.