"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Ұлылардың ұлысы - Абай

11.04.2023

                                         Ұлылардың ұлысы - Абай

 

        Әр сөзінде астарлы ой тұрады.
        Оқысаң, ашылады ой тұманы.
        Сүрініп, жығылмауға  Абайды оқы,
        Абай сөзі – қазақтың бойтұмары

Талапкер ауылы жалпы білім беретін  мектеп кітапханасында  Ұлылардың ұлысы –Абай атты кездесу кеш өтті. Кеш қонақтарын мектебіміздің директоры Абеева Сағынбала  Хасенқызы таныстырып өтті.

   Кездесу кеш қонақтары  :  Абай атындағы Халықаралық мәдениет орталығының  директоры Едіге Қожахмет және  Абай атындағы Халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қорының басқарма төрағасы    Гафуров Аслан Қабылбекұлы болды

  -Қонақтар : Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Соның бірі сенсіңдер бүгінгі Абайдың ұрпақтары. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық. Осындай тылсым күштің иесі бола білген, «Жүректен кіріп, бойды алған» күш иесі Абай атамыз есімі ел есінде , бүгінгі ұрпақтар біздің есімізде мәңгілік сақтаймыз.

Мектебіміздің оқырмандары қонақтарға  Абай әндері мен өлеңдерін аудандық, облыстық "Абай оқулары" сайыстарының жүлдегерлері өз өнерлерін көрсетіп , залды күймен көмкерді.

Келген қонақтар тарапынан мектептің қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімдеріне алғыс хат табысталып, «Ұлттық руханияттың дамуына қосқан зор үлесі үшін»  атты " Мұхтар Әуезовтің 125- жылдық" мерейтойлық медалімен мектебіміздің директоры Абеева С.Х. марапатталды.  Кешіміздің қонағы  айтыскер ақын Гафуров Аслан Қабылбекұлы осы кешті     ұйымдастырған мектеп ұжымына рахметін айтып өзінің Абай атамызға арнаған домбырамен әнін шырқап оқырмандарды таң қалдырды. Соңынан  кітапханаға  авторлық Ержүрек,батыр бабам Ер Қабанбай атты кітабын және   Абай атамыздың бейнесі бейнеленген кілемін сыйға тартты. Кеш өте әсерлі, қызықты өтті.

                                                                         А.Әубәкірова

                                                                           Мектеп кітапханашысы

Просмотров: 516


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст