"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

«БІЛІММЕН БІРГЕ ҒЫЛЫМҒА ЖОЛ»

07.04.2023

«БІЛІММЕН БІРГЕ ҒЫЛЫМҒА ЖОЛ»

 

Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Біліммен бірге ғылымға жол» атты мектепішілік практикалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: ғылымға қызығушылық танытқан талантты, дарынды оқушыларды ғылымға баулы.

Шәкірттерді ғылыми ізденістерге тартуда Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің   ұстаздары елеулі жұмыстар атқарып келеді. 

Қазіргі таңда мектебімізде оқушылар ғылыми жоба тақырыптарын бекітіп, зерттеу жұмыстарымен айналысуда. Талапкер ауылының жалпы білім беретін мектебінде ғылыми жобалары   байқауының мектепішілік кезеңі өткізіліп,  аудандық кезеңге  ұсынылған  жұмыстар жарияланды. Олар: «Қазақ тілі мен әдебиеті» секциялары бойынша мектебімізден 8-сынып оқушысы Қамбарбек Ақтілек (тақырыбы: «Көркем әдебиет шығармаларындағы қару-жарақ түрлері», ғылыми жобаның жетекшісі Байсеркеева Ж. Т)  және «Ағылшын тілі» секциялары бойынша 8-сынып оқушысы Мукашев Амирхан  (тақырыбы: «Ағылшын тілін үйренудің қызықты жолдары»,  ғылыми жобаның жетекшісі Сейілбекова Г.М) «Тарих, өлкетану» секциялары бойынша 8- сынып оқушысы Байболсынова Гульмира (тақырыбы: «Қазақ жері сойшаңғының отаны», ғылыми жетекшісі Рахимов Е.Т) «Математика, қолданбалы математика» секциялары бойынша мектебімізден 5-сынып оқушысы Өтеген Айшабибі (тақырыбы: «Қысқаша көбейту формалары арқылы көбейту әдістері», ғылыми жобаның жетекшісі Сейдахметова  Л. Қ)  «Медицина, психология, экология» секциялары бойынша мектебімізден 9-сынып оқушысы Төлепбай Қарақат (тақырыбы: «Туған өлкенің табиғаты – Есіл өзені», ғылыми жобаның жетекшісі Жұмағали А.) «Медицина, психология, экология» секциялары бойынша мектебімізден 4-сынып оқушысы Жақсылық Айару (тақырыбы: «Қалдықсыз экономиканың жапондық үлгісі», ғылыми жобаның жетекшісі Касаева  Ж.) «Медицина, психология, экология» секциялары бойынша мектебімізден 4-сынып оқушысы Молжігіт Жанарыс (тақырыбы: «Жарқанаттардың адам ағзасына пайдасы», ғылыми жобаның жетекшісі Узденбекова Ж.К.)   

 Аудандық ғылыми жобалар сайысына жол тартқан оқушыларымызға сәт-сапар тілейміз!

 

Просмотров: 478


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст