"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі аясында 7-11-сынып оқушылары арасында «Анаға арнау» тақырыбымен жас ақындар мүшәйрасы өтті.

03.03.2023

«Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен ана тілінде» атты қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында «Анаға арнау» тақырыбында жазба ақындар мүшайрасының ақпараты
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі аясында 7-11-сынып оқушылары арасында «Анаға арнау» тақырыбымен жас ақындар мүшәйрасы өтті. Мүшәйраның мақсаты: өлең шығаруға жаны құмар жас ақындарды қолдау, бағыт беру, сөздік қорларын арттырып, ақындық қабілеттерін шыңдау. 
Сайысқа 7-11-сынып оқушылары арасынан қаламы жүйрік 9 оқушы қатысып бақтарын сынады. Мүшәйра 3 кезеңнен тұрды. 
1-кезең: Үй тапсырмасы. Бұрын шығарған өз өлеңдерін оқу.
2-кезең: «Буриме» әдісі арқылы берілген ұйқастарға өлең құрастыру.
3-кезең: Арнайы тақырыптарға арнап өлең құрастыру.
Оқушылар сайысқа белсене қатысып, ақындық өнерлерін шыңдай түсті. Кешегі Абай, Мұхтар, Фаризалардың жолын қуып, ізін жалғастыратын ұрпақ бары мерейімізді асқақтата түсті.
Ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Байсеркеева Ж.Т

Просмотров: 350


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст