"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Мектеп кітапханасында «Ауғанның от жалыны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

17.02.2023

 Талапкер ауылы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында «Ауғанның от жалыны» атты  кітап көрмесі  ұйымдастырылды.

Мақсаты: Ауған соғысының тарихи мағынасын аша отырып , соғыс  ардагерлері туралы мәлімет  беру, Тарихи деректердің  маңызды  екендігін ұғындыру,оқушыларды ұлтжандылыққа , отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліғі ; кітаптар суреттер

       Өтер жылдар, айлар  тағы алыстап

       Тағдыр  талай  тауқыметін табыстар.

       Өздеріңді жырлап  өтер ұрпағың

       Ауғандағы азап шеккен арыстар!!!

1979 жылы 25 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан  шекарасынан өтіп онда 1989жылдың ақпанына дейін соғыс   қимылдарын жүргізді.   22000 мың қазақстандық қатысты  олардың 761-і  қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. 1989  жылы 15 ақпанда талай  ата-аналарымыз  боздақтарынан мыңдаған  бауырластарымыз  қаза тапқан  қасіретті  де қайғылы Ауған соғысы аяқталды.  Содан бергі аралықта 15 -ақпан Ауған  жерінде болған  жауынгерлер күні  болып аталып келеді. Қазақ тарихындағы көп  соғыстың  бірегейі –ауған соғысы. Ауған даласында қан төккен кеңес  әскерлерінің  қатарында  бауырлас   елдің  бірі саналған  Қазақстаннан қазақстандық сарбаздар  да болды.  Бейбіт  өмірде  Отан  алдындағы  борышын өтеп жүрген  өрімдей жас  жігіттер  Ауған  соғысына  аттанды.

Олар соғыстың  мән-жайын  ұғар-ұқпастан  кете барды.  Талайдың тағдырын  тәлтекке  салған Ауған  соғысынан қаншама жас қыршынан  қиылып , қаншамасы  мүгедек  болып оралды.  Олардың  бір ғана  міндеті бала жастан  санамызға  сіңірілген  патриоттық  тәрбие – Отан  алдыңдағы  борышын  өтеу , қабылдаған  антына  берік болу еді.

Қазіргі  таңда  Ауған  жерінде  қару  асынып, мұң  арқалаған, сын сағаттарда  бірін –бірі  бауыр дескен  азамат ағалар  еліміздің  түкпір –түкпірінде еңбек  етіп, өз үлестерін  Отан  үшін қосуда.Үкіметіміз  ардагер  ағалардың  ерлігін  ескеріп , жеңілдіктер  жасап келеді. Ал  біздер, Тәуелсіз  елдің жарқын болашағымыз.  Ел тыныштығы үшін, бірлік  үшін соғысқа  қатысқан  ардагер  ағаларымызды құрмет етіп ,ерлігін жырға  қосып, есімдерін  естен  шығармауға  міндеттіміз.  Жылдар өткенімен  жауынгерлеріміздің  өшпес ерлігі  ел есінде  сақталуда .  Бүгінде  біз бейбіт  елдің жастары, еліміздің  сол  соғысқа  қатысқан ұлдарын Отан алдыңдағы  борыштарын адал атқарған азаматтарымызды құрмет тұтуға міндеттіміз.

 

Просмотров: 603


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст