"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Талапкер отдела образования по  Целиноградскому району управления образования Акмолинской области"

Ағылшын тілі пәнінің онкүндігі

08.02.2023

Талапкер ауылының жалпы білім беретін орта мектебінде 2023 жылы 23 қаңтар мен 03 ақпан аралығында ағылшын тілі бірлестігінің апталығы өтті. Еліміздің болашақ бағдарының оң болуы үшін ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың “Үш тілде білім беру”, “Шет тілдерін білуге” ерекше көңіл бөлуді ұсынды.Осы бағдар бойынша апталық басталды.

Апталықтың мақсаты: Оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау, олардың қабілеті мен тілін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, шет тілін құрметтеуге үйрету, оқушыларды ағылшын тілінде еркін сөйлеуге дағдылау.

23.01. күні апталықтың салтанатты ашылуын өткіздік. Апталық ашылу рәсімі кезінде оқушылар апталықтың мақсатымен, шарттарымен танысты. Апталықтың ашылу салтанатты үш тілде жүргізілді. Ашылу салтанатында 7-8-9 сынып оқушылары белсенділік танытты.Оқушылар өздерінің ағылшын тілін қалай жақсы көретіндігін дәлелдеп, өз өнерлерін көрсетті.Оқушылар ағылшынша әндерін, таппақтарын, жұмбақтарын, жаңылтпаштарын, мақал-мәтелдерін айтып біздерді қуантты. Апталықтың ашылу барысында ағылшын тілі пәні ӘБ мүшелері “  English -is a world languagе” тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Көрмеге мұғалімдердің ашық сабақтары, жетістіктері, Ұлы Британияның әртүрлі суреттері қойылды, және оқушылардың тақырыпқа байланысты салған суреттері ілінді.
 03.02.2023  күні апталықтың жабылуы мектебіміздің АКТ залында концерттік бағдарламамен жабылды. ӘБ мүшелерінің ұйымдастыруымен өтілді. Апталықтың жабылу салтанатында оқушылар тағы да өздерінің өнерлерін ағылшын тіліне деген қызығушылықтарының үстем екенін дәлелдеді. Апталыққа белсене қатысқан оқушылар марапатталды және сыйлықтар берілді.Апталықтан жақсы әсер алып, белсенділіктері артып, пәнге деген қызығушылықтары артты. Мектеп әкімшіліктері тарапын алғыс білдірілді. Барлық ӘБ мүшелері жоспар бойынша сыныптан тыс сабақтар, ашық сабақтар өткізіп, барлығы  бейнежазбаға жазылып, фотосуретке түсірілді.

Просмотров: 723


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біз әлеуметтік желіде

Ата-аналар үшін...

Ұйымдар тізімі
Текст